Қарауыл ауылында, күрделі жөндеуден өткен спорт мектебі және жаңа допты хоккей алаңы ашылды
1 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай Қарауыл ауылында, күрделі жөндеумен жаңғыртылған спорт мектебі мен жаңа допты хоккей алаңының салтанатты ашылуы болды.
Бұл спорттық нысандар «Жұмыспен қамту жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасы арқылы күрделі жөндеуден өткен болатын. Тәуелсіздігіміз салтанат құрған, ұлт көшбасшысын ұлықтаған мерейлі мерекеде зиялы қауым өкілдері ақ жарма тілектерін арнап, ауыл ақсақалдары мен ақ жаулықты әжелер батасын берді.
Ауданымыздың әкімі, «Nur Otan» партиясының Абай аудандық филиалының төрағасы Жарқынбек Борашұлы Байсабыров мерекелік жиынға қатысушыларды құттықтай келе - «Әлемдік додаларда көк туымызды желбіретіп, елдің атын асқақтатқан азаматтарымыздың артынан ерген ізбасар өрендеріміз көбейе берсін!» деп жас спортшыларымызға тілек білдірді.
