Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қаратоғай ауылындағы кездесу.

Ауданның бекітілген желілік кестесіне сәйкес 2020 жылдың 19 желтоқсаны күні Қаратоғай ауылдық клубында «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын түсіндіру бойынша аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Б.Баймұханбетов және аудандық мәслихат депутаттығына үміткер, аудандық сайлауалды қоғамдық штабтың төрағасы М.Қалелов кездесу өткізді. Кездесуге жиналған ауыл тұрғындарына «Nur Otan» партиясының Күршім ауданы бойынша 2025 жылға дейінгі сайлауалды бағдарламасымен таныстырды.

Кездесу соңында ауыл тұрғындары: Қаратоғай ауылының мектебі, жылу жүйесі жөндеуден өтсе, жастарды ауылға тарту мақсатында жұмыс орындары ашылса және ветпунктке ветеринар маман қажет деген ұсыныстарын айтты.

0
0
270

Осы тақырып бойынша

Қаратоғай ауылындағы кездесу. - Yvision.kz