Қаратал ауданында партияның сайлауалды бағдарламасын іске асыру үшін қоғамдық кеңестер құрылды
Күн тәртібіндегі партиялықтар бірқатар сұрақтар бойынша Бюро мүшелерінің дауыс беруімен құжаттар, кестелер бекітілді.
Атап айтсақ, «Nur Otan» партиясы Қаратал аудандық филиалының XХVIII есеп беру-сайлау Конференциясын шақыру, күн тәртібін және делегаттарды сайлау жөніндегі квота, сонымен қатар, біздің аудандық Сайлауалды бағдарламасының бағыттары бойынша аймақтық қоғамдық кеңестердің төрағаларын, құрамдарын және ережелерін бекітіп, алдағы мақсаттары анықталды.
Назарларыңызға сала кетсек, партияның Саяси кеңес Бюросының шешімімен таратылған партиялық кураторлар институтының орнына «Nur Otan»-ның сайлауалды бағдарламасының нақты бағыттарының іске асырылуын бақылау бойынша 14 республикалық қоғамдық кеңес құрылды. Ал өңірімізде 8 қоғамдық кеңестер құрылды. Аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары А.Байгунысов өз сөзінде:
«Кеңестің міндеттері мен мақсаты партияның Сайлауалды бағдарламасын сапалы іске асыру және әр бағытты уақытылы бақылау. Коғамдық кеңестердің Ережелеріне сәйкес отырыс тоқсанына бір рет өткізіледі. Кеңестердің сапалық құрамдарында әйелдердің 30 % және 35 жасқа дейінгі жастардың 20 % құрамдары ескерілді. Кеңес құрамдарына басқа ұлт өкілдері және партия жақтастары енгізілді. Жалпы Кеңестердің құрамдарына мәслихат депутаттары, кадрлық резерте тұрған кандидаттар, үкіметтік емес ұйымдар, қоғамдық бірлестіктерінің өкілдері енгізілді» деп атап өтті.
Атап айтсақ, қоғамдық кеңес төрағаларына келесі азаматтар бекітілді:
1.Өңірлік даму жөніндегі қоғамдық кеңесі төрайымыИсағалиева Маржан Исағалиқызы;
Аграрлық секторды дамыту жөніндегі қоғамдық кеңесі төрағасына Пұсырманов Асқар Асылбекұлын;
Отбасы, әйелдер және балалардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңесі төрағасынаРахметқазынов Нұржан Нұрланұлын ;
Білім мен ғылымды дамыту, Ұлт денсаулығы мәселелері жөніндегі жөніндегі қоғамдық кеңесі төрағасына Құсайынов Фархат;
Экологиялық кеңесі төрағасына Жусы Жанат Амантайұлы;
Жастарды қолдау жөніндегі қоғамдық кеңесі төрағасына Рахметқазынов Нұржан Нұрланұлы бекітілсін.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл әрекеті қоғамдық кеңесі төрағасына Боқбасаров Әділ Әбенұлы бекітілсін.
Партиялық бақылау комитетінің төрағасына Рахметқазынов Нұржан Нұрланұлы жетекшілік етеді.
Соңғы қаралған сұрақ, ол облыстық және аудан-қалалық партия филиалдарының Саяси кеңес Бюро отырыстарының және бастауыш партия ұйымдарының есеп беру-сайлау жиналыстарының, есеп беру- сайлау Конференцияларының өткізу кестесі бекітілді.
