Қарашық ауылында "Есіктен есікке" акциясы өтті
Бүгін Қарашық ауылында "Есіктен есікке" акциясы өтті. Онда «Nur Otan» партиясы Кентау қалалық филиалынан облыстық мәслихатқа ұсынылған кандидаттар Баймахан Сүлейменов, Насиба Атаева, Данияр Юнусалиев әрбір үйді аралап, партияның сайлауалды бағдарламасын түсіндірді.
Қала мен қалаға қарасты ауылдарда ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін кедергісіз орта құруға баса көңіл бөлінеді. «Бақытты отбасы», «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобалары негізінде көпбалалы, сондай-ақ аз қамтылған отбасыларды қолдауға, олардың азаматтық ұстанымын жандандыруға бағытталатын болады.
Нәтижесінде ерекше қажеттілікті қажет ететін адамдарға кедергісіз қолжетімділікті құру мақсатында барлық әлеуметтік және инфрақұрылым нысандарын бейімдеуге қол жеткіземіз.
Құрметті қала тұрғындары!
Алдағы сайлауға белсенділікпен қатысып, «Nur Otan» партиясына дауыс беріңіз.
