Қарасайлықтармен өткен жылы жүздесу
Осы орайда, өңірімізге келген халық қалаулылары іс-сапары аясында ауданымызға келіп, «Атамекен» ҚР Тұңғыш Президенті тарихи-мәдени ортылығында болды. Сенат депутаттары Б.Жұмағұлов, Д.Нөкетаева орталық жұмысымен танысып, одан әрі кездесу өткізді. Сенаторлар заң шығармашылық жұмыстары жайлы атап өтіп, қатысушылармен пікір алмасты. «Жігер-М» мүгедек спортшылардың федерациясының директоры Т.Ходжамұратов үкіметтік емес ұйымдар жайлы айтып өтіп, сайлау науқаны барысында нұротандықтармен бірлесе қызмет атқарып, қолдау көрсететінін атап өтті. Шара соңы қатысушылармен сұрақ-жуап алмасып, ұсыныстарымен бөлісті.
