Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Қарасай» БПҰ Тоқаевты қолдайды

«Қарасай» БПҰ - ның мүшелері алдағы сайлауда кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдайтындарын жеткізді. Штаб мүшесі Б.Қоспаевпен кездесуде бастауыш партия ұйымының мүшелері Президенттің жүргізіп жатқан реформалары үшін алғыстарын білдірді.

«Қалада да, ауылдарда да жайлы өмір сүруге жағдай жасалады. Тұрғындар таза ауыз суға, сапалы жолға, жоғары жылдамдықты интернетке қол жеткізеді. Ауылдар газдандырылып, жаңа әлеуметтік нысандар бой көтереді. Алдағы жеті жыл ішінде 111 миллион шаршы метр тұрғын үй салынады. Президенттің реформалары халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған. Сондықтан Қасым-Жомарт Тоқаевқа қолдау көрсетіп, сайлауда дауыс берейік, - деді Б.Қоспаев

Штаб мүшесі Б.Қоспаев кездесуде кандидаттың «Әділетті Қазақстан: Бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» атты сайлауалды бағдарламасындағы 3 қағидаға тоқталып, 20 қараша күні сайлауға келіп, өз таңдауларын жасауға шақырды.

#Toqaev2022

0
0
196

Осы тақырып бойынша