«Қарасай» бастауыш партия ұйымында есеп беру-сайлау жиналысы офлайн форматында өтті.
Бүгін 19 сәуір күні «Nur Otan» партиясы Ақжайық аудандық филиалының «Қарасай» бастауыш партия ұйымында есеп беру-сайлау жиналысы офлайн форматында өтті. Күн тәртібіне мынадай мәселелер енгізілді:
1. БПҰ-ның 2019-2020 жылдары атқарған жұмыстары туралы есеп және алдағы кезеңге арналған міндеттер;
2. Партияның тиісті аумақтық филиалының конференциясына делегаттарды сайлау.
«Қарасай» БПҰ-ның төрағасы І.Даутов өз баяндамасында – жалпы «Қарасай» бастауыш партия ұйымында 120 партия мүшесі бар. Осы партия тұғырнамасында көрсетілген 6 партиялық жоба бойынша біркелкі жұмыстар атқарылуда, «Ардагерлерді ардақтайық», «Бақытты отба», «Жастар – Отанға!» , «Кедергісіз келешек» партиялық жобаларының атқарылған жұмыстарына тоқталып өтті. Қорытындылай келе, Біз, нұротандықтар, Елбасының стратегиялық жоспарын іске асыруда оның сенімді тірегі болып табыламыз және экономикалық дамудың жоғары қарқынына қуат қосып, азаматтардың әл-ауқатының бұдан әрі өсуіне өз үлесімізбен қызмет ете беретін боламыз.
