Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

"Қараойқұрылыс" ЖШС еңбек ұжымымен кездесті.

Қалалық сайлауалды штаб мүшелері және қалалық депутаттыққа үміткерлер "Қараойқұрылыс" ЖШС еңбек ұжымымен кездесті.

Кездесу барысында штаб мүшелері мен қалалық депутаттыққа үміткерлер Ғани Әбдісадықов , Ерген Сыражанов "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасы экономиканы дамытудың тұрақтылығын қамтамасыз ету, жұмыспен қамтуды сақтау, жаңа жұмыс орындарын құру, қаламызды қауіпсіз әрі жайлы етуге бағытталғанын жеткізді.

"Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!" бағдарламасы алдағы бес жылға арналған ел дамуының жол картасы. Мұнда маңғыстаулықтарды толғандырған өзекті сұрақтар мен қоғамда талқыланып жүрген мәселелердің жауаптары көрсетілген.

Осы орайда қатысушылар қала тұрғындарының жайлылығы үшін шағынаудан іштерінен саябақ немесе жасыл алаңқайлар ойластыру мәселесін қарастырды.

Кездесу соңында қалалық депутаттыққа үміткерлер жаңа бағдарлама – аса ауқымды, бірақ нақты жоспарланған, қажетті ресурстармен қамтамасыз етілген мақсаттар мен бағдарлар жиынтығы екенін айтып, барлығын 2021 жылғы 10 қаңтарда өтетін сайлауда белсенділік танытуға шақырды.

0
0
114

Осы тақырып бойынша

"Қараойқұрылыс" ЖШС еңбек ұжымымен кездесті. - Yvision.kz