Қарабас кентінің тұрғындарымен кездесу
Абай аудандық мәслихатының «Nur Otan» партиясының депутаттығына кандидаттар Сәуле Қожахметова мен Василий Жабяк Қарабас коворкинг орталығында кентінің тұрғындарымен кездесу өткізді. Кездесу барысында кандидаттар Абай ауданы бойынша «Nur Otan» партиясының 2021-2025 жылдарға арналған Сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарын түсіндіріп, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығын дамыту, ауылдық елді мекендерде өмір сүру сапасын жақсарту, білім беру және медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру үшін қандай шаралар қабылданатынын айтты.
Сайлаушылармен тікелей диалог барысында кентте жұмыс орындарының жоқтығы, кентте жолдардың нашар жағдайы және көшені жарықтандырудың жетіспеушілігі сияқты өзекті мәселелер көтерілді. Кентте өмір сүру сапасын жақсарту бойынша жұмыстар жүргізілуде: коворкинг-орталық жұмыс істейді, оған балалар қуана барады, жастар үшін жақсы спортзал және фитнеске арналған зал бар.
Партияның сайлауалды бағдарламасында кент тұрғындарының өмірін жақсарту бойынша бірқатар шаралар қарастырылған. 2025 жылға дейін Қарабас кентінің 2 км кіреберіс жолын орташа жөндеу жоспарлануда. Үш кент (Қарабас-Южный-Құлайғыр) үшін қатты тұрмыстық қалдықтарға арналған полигон салынады, қоқысты бөлек жинауға арналған контейнерлер орнатылады.
Кездесу соңында кандидаттар сайлаушыларды 2021 жылғы 10 қаңтарда сайлау учаскелеріне келіп, «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.
Сынақтардан өтіп, бірге жеңеміз!
Кандидаты в депутаты Абайского районного маслихата партии «Nur Otan» Сауле Кожахметова и Василий Жабяк провели встречу с жителями поселка Карабас в коворкинг-центре поселка. В ходе встречи кандидаты разъяснили основные направления Предвыборной программы партии «Nur Otan» по Абайскому району на 2021-2025 годы, рассказали, какие меры будут предприняты для развития промышленности и сельского хозяйства, улучшения качества жизни в сельских населенных пунктах, для повышения качества образования и медицинских услуг.
В живом диалоге с избирателями были подняты проблемные вопросы поселка, такие как отсутствие рабочих мест, плохое состояние дорог в поселке и недостаток уличного освещения. Следует отметить, что работа по улучшению качества жизни в поселке ведется: работает коворкинг-центр, который с удовольствием посещают дети, есть хороший спортзал для молодежи и зал для занятий фитнесом. В Предвыборной программе партии предусмотрен ряд мер по улучшению жизни жителей поселка. До 2025 года планируется средний ремонт 2 км подъездной дороги к п.Карабас. Будет построен полигон для твердых бытовых отходов для трех поселков (Карабас-Южный-Кулайгыр), установлены контейнеры для раздельного сбора мусора.
В завершение встречи кандидаты призвали избирателей прийти на избирательные участки 10 января 2021 года и отдать свой голос за партию «Nur Otan».
Преодолев испытания, победим вместе!
#NurOtan #JenimpazBol #BizBirgemiz #JasOtan #Tanday2021
