Қараңғылық басқанда
Үш түн қатарынан орман тұрғындары қатты шуылға байланысты ұйықтай алмады. Себебі үкі ұйықтамау үшін бар күшін салды. Ұйқылары қанбаған жануарлар “енді бұның бәрін төзі мүмкін емес»- деп, тым шулы құстан құтылу жолын іздеді. Бұл шешімге тек қана тиын қарсы болды. Тиын Эйкхорн ол үкі Уилдің досы еді.Ол алдымен бәрін анықтап, себебін біліп, үкі Уиллге көмектесуге тырысу керек деп сенді.
Эйкхорн жақсы дос еді. Шынында да, үкі қиындық көрді, ол өзі шаршап, ұйықтағысы келсе де, ұйықтауға қорықты. Ормандағылар оны мереке тойлап,түн болса билеп,тарсылдатып, секіріп жүр деп ойлады, бірақ біреуі де онымен сөйлесуге, не себеп екенін білуге тырыспады. Тек үкінің жақсы досы Эйкхорн болмаса, мұның бәрі анықталмай қалар ма еді.
Эйкхорн үкіге бірден емес,алдымен көмектесу жолында кейбір қателіктер жіберіп,бірақ артынан бәрі сәтті өткізіп, досына қолынан келгенше тырысып көмектесе алды. Сол түннен кейін үкі ешкімді мазаламай,түнгі қорқыныштан арылып, қатты да тәтті ұйықтап дем алатын болды.Сондай-ақ, үкі Уилл қараңғылық басқанда түнгі қорқыныштан зардап шеккендерге үйрету сабағын өткізді.
Автор қысқа әңгімесінде балаларды түнгі қорқынышпен күресуге және шынайы,берік достық сияқты маңызды тақырыптарды ашып,соны бағалауға үйретеді.
