«Қара киімділер» қазақша сөйлей бастады
Көптен күткен «Қара киімділер» франшизаның жалғасының тұсаукесері өтті.
Сүйікті кеіпкерлеріміз агенттер Джей мен Кей өздерінің мысқылдап сөйлегенін, харизмасын, сезiмталдығын, бір-біріне адал екендігін осы жолы да көрсетті.

Сюжет бойынша Джей басқа жерлiк соққыдан қорғайтын ешқандай галактикалық қалқан жоқ екеніне көзі жетеді. Агент Кей оны құрастырмаған, себебі 1969 жылы өлтірілген. Кей сол уақытқа қайтып барып, серiгінің өмiрi мен бүкіл ғаламшарды құткарады. Сонымен қатар өзінің өміре қатысты жасырын сырын ашады.

Жұмыс атқарған бес сценаристтер фильмге пайда тигізді деп айтуға болмайды. Неге десеніз, оны ықыласты көрермен ғана байқай алады. Әйтсе де «Қара киімділердің» табынушылары «ескі достарымен» кездескеніне шын рахаттанады.
Айта кету керек, қазақ тілінде дубляж жасауға жұмсалған 200 мың АҚШ доллары бекер шашылған жоқ. Диалогтар түсінікті, дыбыстаған дауыстар да жағымды. Менің ойымша дубляж сапалы орындалған. Мысалы, экранның аржақ бойында Уилл Смит қазақша сайрап тұрған кезде, оны ауылдың нағыз қара баласы деп ойлап қаласын. Және де «Тәшкілер» мультфильмінде «базар жоқ» деген халыққа жақын сөз тiркестерi болса, «Қара киімділерде» «боқ жеме», «жұмыртқамды қыспа» және тағы бірнеше құлаққа үйренбеген сөйлеу айналымдар кездеседі.

Ең бастысы - фильм көрерменді адалдық, құрмет, әке махаббаты деген ұғымдарды ұмытпауға үйретеді.
П.С. «Қара киімділерді» қазақ тілінде міндетті түрде көру керек. :)
