Қарағай орманды сақтау баршамыздың міндетіміз.
Қарағайлы, орманды аралап жүріп Асан Қайғы бабамыз: «Пай –пай, бір қарағайдың құны, бір сиыр болайын деп тұр екен», – деген екен. Асан Қайғының айтқанындай, қазір ағаштан жасалған бұйымдар өте бағалы. «Натуральный» деген тақтайдан істеген жихаз өте құнды және сапалы. Қарағай ішінің ауасы шипалы. Біз балалық шағымызды қарағай ішінде өткіздік, Сүгір орман шаруашылығында. Сол өңір Семей обылысымен шектескен Павлодар обласында жайғасқан Шалдай, Шақа үлкен орман шарушылықтары болатын. Шалдай шаруашылығында 800 мыңнан га аса қарағайлы жер және шабынды құрайды. Жайылымы құнарлы суы мол жерде мал тойынып оттап, шөлін қандырып көлеңкеде күйсе қайырып жататын. Орман іші түрлі жидектерге толы болатын. Қалың қарағай арасында сыңсыған саңырауқұлақтар. Құстардың неше түрлісін, әсіресе, құр ойнаған кезде кызықтап, тамашалайтынбыз. Ойдым – ойдым көлдер үстінде толған, неше түрлі ұшып- қонып жүрген құстардан, көз алмай қызықтайтынбыз. Қарағай ішінің табиғаты соншама қызықты, әсем. Бала кезімізде бос уақытымызда, күні бойы, түн ортасына дейін қарағай ішінде ойнасақ та, жатарда төсегімізді төбеге алып шығып, таза ауа жұтып ұйықтайтынбыз. Ұйқы таза ауада тез қанады. Ерте тұрып, жылдам – жылдам үй шаруасына көмектесіп, тағы қарғай ішіне ойнауға қашатынбыз. Ойынымыздың көбі «шпион» ойыны болатын. Өйткені елу үшінші жылдар соғыс жаңа біткен кез еді. Ол қезде орман, өрт шалмаған, қалың болатын. Кейінде, неге карағай сиреді деген ой келеді. Сталинге қандай мін тақсада қарағайдың, жалпы табиғаттың сақталуы, орнатылған тәртіптің арқасында болатын. Кейінде , Хрущев келіп қара басының өкпесі үшін, «культ личности» деп, Сталинді әділсіз қаралайды.
Тың көтеремін деп Хрущев Қазахстанға орны толмайтын зиян келтірді. Академик Бараев: «Жерді жалпы аударып жыртуға болмайды, эрозия болып, шаң көтеріліп, жер бетін топырақ басып кетеді»,– деген. Бірақ, волюнтарист Хрущев мен-мендігеніне басып, «маған қарсы келді» деп, шын ғылыми зерттегенін айтқан ғалым, Академик Бараевты қызметінен алып тастады. Баревтың айтқаны дәл келді: 60-шы жылдары қара шаң еліміздің үстінен бірнеше жыл борап тұрды. Соның кесірінен даламыздың көптеген көлдері кеуіп кетті. Әйтеуір, Хрущев орнынан алып, жерді плоскорезбен жыртып, көтерілген шаң басылды. Ауыл шаруашылығы жана құралып жатқан кезде Сталин айтқан: «Целина – это хлеб в закомах нашей Родины. Поднимать ее надо постепенно, после развития, защитной лесоплосной системы». Бүл данышпандық ақылды кейінгі билеушілер тындамай, табиғатқа көп зян келтірді. Біз Абай колхозы, Бауыртал ауылында 1953 жылдың жазына дейін тұрдық. (Бауыртал – Алтай шекарасынан күн шығыс жақта жеті шақырымдай қашықтықта болатын, аржағында бір жарым шақырымнан кейін Васельчук (Ойма-көл)). Күн батыста Жаңа Ауыл, солтүстікте Александровка (Жалғыз-көл) ауылы, оңтүстігенде қалың тал, қайың, терек аралас өсетін, одан әрі қалың қарағай орманы басталатын. Есімде, 50-ші жылдары, Сүгірден Бауырталға ағайындарымыз біздің үйге жаяу келетін. Арасы 10 шақырым. Олар қайтарда мен қалмай «сендермен барам» деп бірге шығатынмын. Біздің үйден 800 метрдей жерде Бауырталдың кезекші орманшыларға арналған үйі болатын. Шлагбуынды ашып- жауып кезекші орманшы бақылап тұратын. Арнайы рұқсат қағаз болмаса, көлікті қарағай ішіне кіргізбейтін. Ол кездегі көлік ат жеккен, өгіз жеккен арба болатын. Машина, трактор сирек кездесетін. Кордоннан 2,5 шақырым шыққаннан соң ұзын орындық тұрады. Ол жерде «Место для курения» деп жазылған, жанында үлкен тақта «Берегите лес от пажара». Жерде 3х3 метр аяқ астына құм төселген. Орындықтың алдында темекі ататындарға арналған құм толтырылған жәшік , артында өрт қауіпсіздігі шыты болатын. Шытта қызылға боялған бағара, екі түрлі күрек, балта, сыпырғыш, тағы да басқа басқа өрт сөндіруге пайдаланатын құралдар ілініп тұратын. Бауырталдан Сүгірге жеткенше, әр 2,5 шақырымда дем алатынбыз. Күн қандай ыстық болса да, қарағай іші қоңыр жел есіп салқын болып тұратын. Жол – жіңішке кесілген просека. Карағай іші просекалармен квадраттарға бөлінген, оларды «квартал» деп атайтын. Орманды өрттен, ұрлықтан сақтау үшін әр орманшыға бірнеше квартал бекітіп беретін. Жол бойы төбемізде шиқылдап, қарқылдап, аспанда құстар бұраңдап ұшып жүретін. Қырғилар қуған торғайлар сасқанынан біздің алдымызға қонып, жанын сақтайтын. Бір жерде отырып сан үн шығаратын көкектерге: «Неше жыл өмір сүреміз?»,– деп сұрақ қоятынбыз. Соның «ку-кук» дегенін санап уақыт өткізетінбіз. Бірінен соң бірі жолды қиып қояндар қашатын. Кісіден жасқанбай бұтақтан бұтақа секіріп бірін бірі куып жүрген әдемі, әсем тыйындарға ұзақ қызыға қарайтынбыз. Бұғылар жайымен жайылып жүретін. Кешкілікте, үрейлі қасқырлардың ұлыған дауыстары әр жерден шығатын. Еліктердің ойнаққтаған секірісі олардың тоқтығын білдіретін. Тағы да көптеген басқадай аңдарды көріп тамашалайтынбыз. Кішірек алаңқайларда кейде ирелеңдеген жыландар жүргізбей адамның үрейін ұшыратын. Орман ішінің табиғаты адам жанын баулап, елжіретіп соншама өзіне тартып тұратын. Ол кезде қарағай мен қатар аң-құсты сақтау орманшылардың міндетіне кіретін.
Сол бала кездегі карағай орман есіме түссе, бір түрлі көңілім босап, жүрегім қобалжып кетеді. Біз, мемлекет, үкімет, қайдамыз? Алла берген көркем, сұлу табиғатты қалай сақтай алмадық?
