Қарағандыда эротикаға қарсы күрес басталды
Дереу іске кіріскен қала әкімдігі мен қалалық мәслихат сарыжағал газеттер мен журналдардың арнайы жерлерде ғана сатылуын қадағалайтын комиссияны бекіткен. Алдағы уақытта белгіленбеген орындарда эротикалық сипаттағы басылымдар сатқаны үшін енді сатушылар айыппұл төлейтін болады. Қала әкімінің орынбасары И.Любарскаяның айтуынша, 2006 жылы да дәл осындай қызметтегі комиссия құрылған, алайда олар ешқандай жұмыс атқармаған. Дегенмен, осы күні құрылған қадағалаушылар тобы өзіне тапсырылған жұмысты тиянақты орындамақ дейді ол.

P.S Қарағанды қаласының әкімі Бауыржан Әбдішевтің атына шағымданған бір топ ата-аналар қаланың кез-келген жерінде эротикалық сипаттағы басылымдардың сатылатынын және оның бағасының балалар үшін қолжетімді екендігін жаза келе, бұлардың балалар тәрбиесіне кері әсер ететіндігін айтқан.
