Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қарағанды облысының индустриялы дамуы

Қазіргі жағдайға талдау

Қарағанды облысының индустриялы дамуы қандай сатыда? Қазіргі жағдайына талдау жасап көрейік.

Қарағанды облысының аймақтық өндірілген өнімі 2009 жылда 1515,8 млрд. теңгеге тең, 2004 жылдағы деңгейіне қарағанда өсу 2,9 еседен асты. Қарағанды обылысына Қазақстан жалпы ішкі өнімінің 8,9%-ы тиіс.Адам басына шаққанда 1087,7 мың теңге құрайды.

Қарағанды облысының экономика негізі болып тау кен және өңдеу өнеркәсіптері табылады, оларда аймақтың жалпы қосалқы өнімінің 50%-ы өндіріледі. Өнеркәсіпің 82,4%-ы облыс өнеркәсібінің негізгі салалары өндіреді:

- тау-кен – металлургиялық комплекс (қара және түсті металдарды алу, металлургия, өндеу) – 71,73%;

- көмір өнеркәсібі – 4,43%;

- көлік құрастыру – 2,29%;

- химиялық және фармацевтикалық өнеркәсіп – 2,41%;

2009 жылдағы кәсіпорындардың инновациялық белсенділігі 6,2%  құрайды. Олардың инновациялық белсенділігі: жаңа технологиялар, материалдар енгізу - 63%; ғылыми-зерртеулік әрекет - 12%; проект-конструкторлық әрекет пен ғылыми-техникалық бағдарламаларға қатысу - 4%-дан.

Орталық Қазақстан өнеркәсіптік даму деңгейі тұрғысында республика аймақтары арасында бірінші орын алады. Онда қуатты екі өнеркәсіптік торап құрылған. Бірі Қарағанды-Теміртау көмір-металлургиялық кешені, оған Қарағанды, Теміртау, Саран, Абай, Шахтинск, Ақтау, Жезқазған қалаларындағы электр энергетикасы, машина жасау, металл өңдеу, химия, жеңіл, азық-түлік өнеркәсібінің көптеген кәсіпорындары кіреді, екіншісі Балқаш түсті металлургия өнеркәсіптік кешені, ол негізінен мыс кендерін өндіру және өңдеуге тазартылмаған және тазартылған мысты, түсті прокатты, сондай-ақ марганец, қорғасын, мырыш және басқа полиметалл концентраттарын шығаруга маманданған. Осынау кәсіпорындық торап Жезқазган, Балқаш, Сәтпаев, Қаражал қалаларының, Жәйрем, Жезді, Қоңырат, Саяқ, Ақшатау кенттерінін кеніштері мең шахталарын, байыту фабрикаларын, мыс қорыту зауыттарын, өнеркәсіптін химия, азық-түлік және басқа салаларын біріктірген.

Облыс экономикасының қазіргі жағдайы экономикалық және әлеуметтік құрылымдардағы елеулі өзгерістермен сипатталады. Облыстың республикадағы өнеркәсіптік өндірістің жалпы көлеміндегі үлес салмағы 15% пайыздан асып жығылады. Бүгінде аймақта 300-ден астам бірлескен және шетелдік кәсіпорындар жұмыс істейді. Олардың ішіндегі ең ірілері мыналар: «Қазақмыс» корпорациясы ААҚ, ол көп қырлы, өндірісі аяқталған циклды кен-металлургия кәсіпорны, әрі бірқатар зауыттар, кеніштер және энергетикалық нысаңдардьі біріктіреді; «Арселор Миттал» ААҚ, ол толық металлургиялық циклді кәсіпорындардын барлығының Қарағанды бассейнінің көмір шахталарының ЖЭО, қосалқы және басқа да қызмет көрсететін өндірістік инфрақұрылымының басын қосқан.

Марганецтің ірі өндірушісі «Жәйрем КБК» ААҚ болып табылады. Машина жасау және металл өңдеудегі жетекші кәсіпорындар Пархоменко атындағы машина жасау зауыты, «Қарағандыкенмаш» НТЭК» ЖАҚ, «Қарағанды құю-машина жасау зауыты» ААҚ, «Техол» ЗПХ ЖАҚ, «Қазкарметавтоматика» ААҚ және басқа кәсіпорындар есептеледі. Резеңке және пластмасса бұйымдар шығаратын негізгі өнеркәсіптік кәсіпорындар қатарына «Қарағанды резеңке техника» ЖШС, «Саранрезеңкетехника» ААҚ, «Восход» ЖШС жатады.

Химиялык өнеркәсіпте «Теміртау химия-металлургиялық зауыт», «Монета Дитерджентс жуғыш заттары зауыты» ЖШС жұмыс істейді. Құрылыс материалдарды өндірумен «Сеntral Аzia Cement» ААҚ және «Қарағанды асбоцементтік бұйымдары» ЖШС айналысады.

Жеңіл өнеркәсіптің ірі кәсіпорындары «Гүлден» ЖШС және «Тоmiris» ЖШС, азық-түлік өндірісінде «Тұлпар» фирмасы саналады.

Өндірістік мәселелерді шешу және тұрғындардың қажеттіліктерін қанағаттандыру, сондай-ақ жаңа технологияларды енгізу үшін тың өндірістік куаттар және нысандар іске қосылуда, әртүрлі мәшинелер мен тау-кен және өңдеу өнеркәсібінің техникалық жабдықтарына қосалқы бөлшектер өндіру және тұтыну тауарларын даярлау ауқымы ұлғая түсуде.

 

0
0
960

Осы тақырып бойынша

Қарағанды облысының индустриялы дамуы - Yvision.kz