Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қарағанды облыстық мәслихаты депутаттығына кандидат Бекзат Алтынбеков пен ...

Қарағанды облыстық мәслихаты депутаттығына кандидат Бекзат Алтынбеков пен қалалық мәслихаттан үміткер Светлана Жумкина мен Әбдірахман Досанов сайлаушылармен кездесті.

"Nur Otan" партиясының 2025 жылға дейінгі "Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір" атты сайлауалды бағдарламасын түсіндіруді арқау еткен кездесуде Жезқазған қаласының болашағы хақында да сөз қозғалды. Партияның мысты өлкені дамытудың өңірлік бағдарламасында ауызсу мен экология, қаланы абаттандыру, инфрақұрлымын дамыту, апатты үйлердің тұрғындарын көшіру сынды өңір үшін өзекті проблемаларды шешудің жолдары көрсетілген. Сонымен бірге жастарға, шағын және орта бизнеске, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолайлы орта қалыптастыруға, Жезқазғанның туризм әлеуетін арттыруға, ауыл аймақтарды өркендетуге ден қойылған. Өңірдің екінші тынысын ашатын осы жоспарлардың жүзеге асуы үшін сайлаушылар "Nur Otan" партиясын қолдауы қажет. Осы ретте кандидаттар жезқазғандықтарды 10 қаңтарда жарқын болашақ үшін дауыс беріп, "нұротандық" кандидаттарды таңдауға шақырды.

@nur_otan @baibekbk @arman_kyrykbayev @jas_otan @elnurbeisenbai

#NurOtan #JenimpazBol #BizBirgemiz #JasOtan #Tanday2021

Осы тақырып бойынша

Қарағанды облыстық мәслихаты депутаттығына кандидат Бекзат Алтынбеков пен ... - Yvision.kz