Қарағанды қаласының жас кәсіпкерлерімен онлайн кездесу өтті
Бүгін "Nur Otan" партиясының Қарағанды қалалық мәслихат депутаттығына кандидаттар қаламыздың жас кәсіпкерлерімен онлайн кездесу өткізді. Кездесу барысында кәсіпкерлерді "Nur Otan"партиясының сайлауалды бағдарламасымен таныстырды.
Қарағанды қаласында сайлауалды бағдарлама аясында партия жыл сайын жас кәсіпкерлер үшін өз ісін ашуға 5 кредит бөлуге ықпал ететін болады. Шағын және орта бизнесті дамыту қала экономикасының өсу резервтерінің бірі болып табылады.
Шағын және орта бизнесті одан әрі қолдау және дамыту үшін партия:
- "Бизнестің жол картасы 2025" бағдарламасы шеңберінде жылына кемінде 300 жобаны субсидиялау және 75 млн. теңгеден астам сомаға өтеусіз негізде гранттар беру;
- 2023 жылға дейін "Қарапайым заттар экономикасы" бағдарламасы бойынша 20 жобаны іске асыру;
-2025 жылға дейін Жаңа бизнес идеяларды іске асыруға және "Еңбек" бағдарламасы бойынша 250 қатысушыға микрокредит беруге 350 мемлекеттік грант бөлу;
-10 мың тоннаға көкөніс сақтау қоймаларын (2021 ж.), 1 мың ш. м. жеміс-көкөніс өнімдерін өңдеу пункттерін (2022 ж.), 24 га қойма терминалын (2024 ж.), 10 га темір жол тұйықтарын (2024 ж.), 240 сауда орнына арналған сауда-қонақ үй бизнес орталығы бар мультифункционалды орталық (2025 ж.) салу;
- Восток 5 шағын ауданында Бұқар жырау даңғылындағы "Технодом" сауда кешенінің 80 сауда орнына арналған супермаркеттің ашылуына.
Кездесу соңында үміткерлер 2021 жылдың 10 қаңтарында "Nur Otan"партиясына дауыс беруге шақырды.
