Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қарағанды қаласында ІІО қызмет бабында қаза болған қызметкерлеріне ескерткіш тақталар қойылды.

Қарағанды қаласында ІІО  қызмет бабында қаза болған қызметкерлеріне ескерткіш тақталар қойылды.

25 қыркүйекте болған ескерткіш тақталардың ашылу салтанатына құқық қорғау органдарының басшылары, Қарағанды қаласының әкімі, қоғамдық өкілдер, ішкі істер органдарының ардагерлері қатысты.

Бүгін, сағат 10.00-де Гоголь көшесінің бойындағы қызмет бабында қаза болған Қарағанды қаласының ІІБ қылмыстық іздестіру бөлімінің жедел уәкілі, полиция аға лейтенанты Нұрлан Сапуанұлы Байғаскин тұрған үйге ескерткіш тақтаның салтанатты түрде ашылуы болды.

Жиналған қауымның, БАҚ өкілдері, қоғам өкілдері, ІІМ ардагерлерінің алдында ІІД департаментінің  бастығы, бастықтың орынбасарлары мен қаза болған қызметкердің жұбайы сөз сөйледі.

Нұрлан БАйғаскин 1967 жылы 20 наурызда Солтүстік Қазақстан облысы, Жамбыл ауданы, Архангельск ауылында дүниеге келген. 1996 жылдан бастап ішкі істер органдарында қызмет атқарған.

20 қараша күні, қаладағы пәтерлердің біріне полицей Рустам Мажитовтың өліміне қатысты күдіктілерді күтіп, тосқауыл тобы құрылған. Келген қылмыскерлермен болған қарулы қақтығыс салдарынан Нұрлан Байғаскин қаза болып, әріптесі Николай Редченко қылмыскерлердің бірін жараландырып, бірін шейіт қылып  өзі де жарақат алған.

Қала әкімі Нұрлан Әубәкіров және Қарағанды облысының ІІД департаментінің бастығы Мергенбай Жаппаров Нұрлан Сапуанұлы Байғаскиннің ескерткіш тақтасын салтанатты түрде ашты.

Полиция генерал-майоры Мергенбай Баймендіұлы Жаппаров, қоғам мен қоғам өкілдерінің тыныштығы үшін қаза болған полиция сақшыларын ешқашан ұмытпауымыз керек деп лебізін білдірді.

Келесі кезекте, сағат 11.00-де қаланың 19-шы шағын ауданында қызмет бабында қаза болған Қарағанды қаласының ІІБ жол полициясының жеке батальонының жол полиция инспекторы, полиция аға сержанты Рустам Рафикұлы Мажитовке арналған ескерткіш тақтаның салтанатты түрде ашылуы болды.

Рустам 1972 жылдың 13 наурызында Қарағанды облысының Абай қаласында дүниеге келіп, ішкі істер органдарында 1995 жылдан бастап қызмет атқарған.

1998 жылдың 11 қараша күні Рустам Мажитов және старшина Сатанов Жаңа Майқұдық станциясы мен Қарағанды-Сұрыптау жол бойында қызметте болған. Олар өтіп бара жатқан көліктердің бірінен қант орталығын тонады деген бағыттамаға сәйкестікті байқаған. Көлікті тоқтату барысында Рустам Мажитов ерлікпен қаза тапты.

Қаза болған қызметкерлердің отбасы мүшелері мен жиналған көпшілік, аталмыш шараның келешек ұрпаққа патриоттық маңызы зор екендігін атап өтіп, ризашылықтарын айтып, ішкі істер департаменті басшылығына алғыстарын жеткізді.

 
0
0
415

Осы тақырып бойынша

Қарағанды қаласында ІІО қызмет бабында қаза болған қызметкерлеріне ескерткіш тақталар қойылды. - Yvision.kz