«Қарғыс алма, алғыс ал»
2020 жылдың 11 наурыз күні Департамент басшысы Р.С.Ақмырзаев мәдениет саласының өкілдерімен кездесу өткізді.
Шараға облыстық ақпараттық-насихат Штабының мүшесі, «Ауыл» партиясы БҚОФ төрағасы М.Т.Әнесов, «Ақжайық – адалдық алаңы» жобасының басшысы, Ә.Ө.Салиева, БҚО әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі А.Р Хайруллина, мәдениет басқармасының басшысы С.Т.Дүйсенов, мәдениет басқармасы ұжымы және бағынысты мекемелерінің басшылары мен бухгалтерлері қатысты.
Р.С.Ақмырзаев қатысушыларды Агенттіктің негізгі жұмыс бағыттарымен таныстырды, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелерін түсіндірді.
М.Т.Әнесов қатысушыларды облыстық Штабтың жұмысымен таныстырып, парасаттылықты қалыптастыру, әділ болу, өзгеге қиянат жасамауға тоталып, «Қарғыс алма, алғыс ал» деген қанатты сөз арқылы адал қызмет етуге шақырды.
Ә.Ө.Салиева «Ақжайық – адалдық алаңы» жобасының қызметіне тоқталып, тұрмыстық жемқорлықты жоюды бірлесіп жүргізу қажеттілігін атап өтті.
А.Р.Хайруллина мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтау, қызметтік көліктерді тек қана қызметтік мақсатта пайдалану және іс-сапар кездерінде бекітілген ережелерді қатаң сақтау қажеттілігін ескертті.
Департаменттің превенция және парасаттылық басқармасының басшысы Б.М.Хайруллин электронды-цифрлі қолтаңбаны екінші адамға беру, мүлік пен музыкалық аппаратураларды басқа тұлғаларға қолдануға беру, бір адамның бір уақытта бірнешеде мекемеде қызмет жасауы, мемлекеттік сатып алу кезіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туралы ақпараттандырды.
«Ашық бюджеттердің интерактивті картасы» жобасы таныстырылып, әр мекеменің штаттық кестелерін Интерактивті картаға салу қажеттілігі ескертілді.
Сонымен қатар, мәдениет саласында республика бойынша орын алған сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарланды. Мысалы, ҚР мәдениет және спорт министрлігінің жауапты хатшысы Уалиев пен министрліктің әкімшілік департаментінің директоры Даржибаев 37 мың теңге көлемінде пара алғандығы анықталып, сот шешімімен айыпты болып танылды.
БҚО, Бөрлі аудандық демалыс орталығының бухгалтері Нұрпейсованың 2019 жылдың наурыз бен шілде аралығында жалған мемлекеттік сатып алу өткізу арқылы жалпы көлемі 1,7 млн теңгені жымқыру қылмысы анықталды.
Департаментпен ҚПК 200-бабына сәйкес аудан әкіміне атына ұсыныс жолданып, Бөрлі ауданы әкімінің орынбасарына ескерту берілді. Ал демалыс орталығының бухгалтері мен басшысы қызметтерінен кетті.
Азаматтар сыбайлас жемқорлық фактілері бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің «1424» Call орталығына хабарлай алады. Call орталық 24/7 режимінде қызмет жасайды.
