Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қарқынды жұмыс, қызу дайындық

Елімізде тұңғыш рет өтейін деп отырған праймериз жобасы қарқынды жұмыс, қызу дайындықты талап ететіні анық. Осы орайда «Nur Otan» партиясы Талғар аудандық филиалы округтердегі бастауыш партия ұйымы төрағаларымен онлайн жиын өткізді. «ZOOM» қосымшасы арқылы іске асқан бұл отырыстың мақсаты праймериз төңірегіндегі өрбіген сан сауалға жауап беріп, ереже үлгісімен толыққанды таныстыру болатын. Бұрын-соңды болмаған аталған жобаның маңызы мен мәні баяндалған бұл конференцияға, ауданымызға қарасты БПҰ-ның барлық төрағаларымен қатар ұйымдастыру комитеті де толық құрамда қатысты. Праймеризді кезеңдері бойынша кезектесе сөз алған мамандарымыздың ұсынған ақпараты жиын мүшелерінің кәдесіне жарар деген сенімдеміз.

0
0
172

Осы тақырып бойынша