Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Ар-намыс кодексі туралы

Бүгін онлайн режимде «Nur Otan» бастауыш партия ұйымдарының партия мүшелерінің этикалық кодексті сақтау мәселесі бойынша жиналыстары өтті.

Екібастұзда аталмыш жиындарды Солнечный кенті БПҰ мен «Богатырь Көмір» ЖШС партияластары өткізді.

«Богатырь Көмір» ЖШС бас директорының орынбасары, партия мүшесі Мирхат Мусанап партияның этикалық кодексі 2015 жылдың жазында қабылданғанын айтты. Оған қол қою үшін жарты жыл дайындық жүргізілген. Құжат бес негізгі саланы қамтитын 19 ережеден тұрады. Ол партиялық бағыттан айнымау, заңнамаларды сақтау, қазақстандық патриотизмді дамыту және моральды-этикалық нормаларды сақтаудың кепілі болып табылады. Кодексті сақтамағаны үшін партияластарды қатаң түрде жазалайды, тіпті партиялық билеттер қайтып алынуы да мүмкін.

Жиынға қатысушылар Этикалық кодекс партияның саяси Доктринасының бастапқы құндылықтарынан құралғанын атап өтті. Олар — Адам, Бостандық, Бірлік, Әділеттілік, Білім, Заңның үстемдігі, Отбасы және дәстүр, Болашаққа ұмтылыс.

«Nur Otan» партиясы Екібастұз қалалық филиалының баспасөз қызметі.

0
0
193

Осы тақырып бойынша

Ар-намыс кодексі туралы - Yvision.kz