Қарқаралы ауданы тұрғындарымен онлайн-кездесу
"....Тарихымыз терең, таңба болып таста қалған, Мақсатымыз айқын, алдымызда асқақ арман..." /әннің сөз жолдарынан/ Бүгінгі Қарқаралы ауданы тұрғындарымен онлайн-кездесудің бейне көрінісін еріксіз осы әнмен ұштастырдым, себеп: -тарихы бай орталық; -керуен жолдарының ізі қалған өңір; -бүгінгі күні ел экономикасы мен мәдени салаға қосар үлесі зор; -"қасиетті әрі батырлар елі" атанған өлке; -дархан сұлу жері әлемді қызықтырған... Өлең жолдарының әр сөзі өткенге баға беріп, өзі -ақ болашаққа жол сілтеп тұрғандай... Татулықты жырлап, құрлықтардың басын қосқан ЕЛІМІЗ. Әр отбасы БІРЛІКТІ тұмар тұтқан елміз! Болашаққа жол картасын ұсынған "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасы да осыны көздейді. #NurOtan #JenimpazBol #BizBirgemiz
