Арқаның кербез сұлу Көкшетауы
Кіп-кішкентай, жинақы Көкшетауымыз күннен күнге көркейіп келеді. Сарыарқа ауданы ше? Нағыз жастарға арналған, жас отбасылардың өсіп өнуіне арналған аудан. Қаланың сыртындағы аудандар, аула ішіндегі жолдар, балалар ойын алаңы да күрделі жөндеуден өтуде.
Соңғы жылдары Көкшетауда шағын және орта бизнес қарқынды дамып келеді. Яғни, облыс орталығында бүгінде 14 мыңнан аса кәсіпорын тұрақты жұмыс істеп отыр. Бұл алдыңғы жылғы көрсеткіштен 6 пайызға жоғары. Нәтижелі жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар қатарында «Гормолзавод» серіктестігі де бар. Сүт өнімдерін шығаратын зауыт Президенттің «Алтын сапа» сыйлығына лайық деп танылған кәсіпорындардың бірі.
Nur Otan партиясының Көкшетау қаласына жоспары үлкен. Партияның сайлауалды бағдарламасына сәйкес 2025 жылға дейін жаңа кәсіпорындар ашу және құрылыс индустриясын дамыту есебінен 10 мыңнан астам жаңа жұмыс орындарын, оның ішінде 2 мыңнан астам жаңа жұмыс орындарын құру жоспарлануда.
Алдағы жылдары тәулігіне 1 000 тонна қуаттылығы бар майлы тұқымды қайта өңдеу "Көкше Май " ЖШС май экстракциялық зауытын салу, "Eurasia Group Kazakstan" ЖШС 160 бірлік ауыл шаруашылығы техникасын сату және қызмет көрсету бойынша сервистік орталығын ашу, "Temirbarlau" ЖШС ұсақ тауарлы прокат шығаратын зауыт салу, жобалық қуаты сағатына 7 мВт болатын "Виччи (Ветро Инвест)" жел электр станциясының құрылысын бастау, қуаттылығы 5 мың тоннаға дейін ірі қараны бордақылайтын алаң салу сияқты ірі жобалар қолға алынбақ.
Одан өзге денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, тарих, қауіпсіздік және т.б маңызды мәселелерге көңіл бөлінбек.
"Nur Otan" партиясы Көкшетау қаласын дамытудың 7 басым бағытын өзінің сайлауалды бағдарламасында айқындап, осы бағытта алдағы бес жылдықта жүйелі жұмыс жүргізбек !
https://www.facebook.com/nurotanakmolaoblysy/posts/2794472660769497
