Арқалық қаласында "Мүгедектікті және/немесе еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу...
Арқалық қаласында "Мүгедектікті және/немесе еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау " мемлекеттік қызмет көрсету
Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Қостанай облысы бойынша департаментінің №5 медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімі бекітілген жоспарға сәйкес мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін мемлекеттік қызметтің барынша қол жетімділігін қамтамасыз ету мақсатында 2020 жылдың 8-10 маусымында Арқалық қаласында көшпелі отырыс өткізді. "Арқалық өңірлік ауруханасы" КМК базасында "Мүгедектікті және/немесе еңбек ету қабілетінен айрылу дәрежесін белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау" мемлекеттік қызметі көрсетілді. Медициналық-әлеуметтік сараптамаға сапасыз рәсімделген жолдама құжаттарының жағдайларын медициналық-әлеуметтік сараптама қызметкерлері ДКК төрағасы және мүшелерімен бірлесіп қарады.
-----------------------------------------------------------
Отдел медико-социальной экспертизы №5 Департамента Комитета труда, социальной защиты и миграции по Костанайской области согласно утвержденного плана с целью обеспечения максимальной доступности государственной услуги для лиц с ограниченными возможностями провел 8-10 июня 2020 года выездные заседания в городе Аркалык. На базе КГП «Аркалыкская региональная больница» оказана государственная услуга «Установление инвалидности и/или степени утраты трудоспособности и/или определение необходимых мер социальной защиты». Случаи некачественно оформленных направительных документов на медико-социальную экспертизу были рассмотрены сотрудниками медико-социальной экспертизы совместно с председателем и членами ВКК.
