Арқалық қаласы әкімінің орынбасары Хамзин Дархан Нұрланұлының қоғамдық қабылдауы
10 ақпан күні барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып, Арқалық қаласы әкімінің орынбасары Хамзин Дархан Нұрланұлы "Nur Otan" партиясы Арқалық қалалық филиалында қоғамдық қабылдау өткізді. Арқалық қаласының тұрғыны Дуйсеков Мухит Ескенович конкурс арқылы жайылым жер алуға көмек сұрады. Жоғарыда аталған азамат жер конкурсына қатысып, бұл мәселе оң шешімін табатын болды.

