Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

"Aqjaiyq" телеарнасында сайлауға қатынасушы саяси партиялардың арасында пікірсайыс додасы оздырылды

2020 жылдың 24 желтоқсан күні "Aqjaiyq" телеарнасының тікелей эфирінде сайлауға қатынасушы саяси партиялардың арасында 3 кезеңнен тұратын пікірсайыс додасы оздырылды.

Аталмыш теледебатқа 4 саяси партиядан екі-екі өкіл қатысып, өздерінің сайлауалды ұстанымдарын таныстырды. Пікірсайыс мәдениетінде қалыптасқан дәстүр бойынша жеребе тартылып, жеребе бойынша ең алғаш болып "Nur Otan" партиясы сөз алды.

Партия атынан өкілдік етуші спикерлер - Мұрат Мұқаев пен Жаңабек Жақсығалиев пікірсайыстың құрастырмалы бөлімінде партияның алдағы уақытта орындай нақты қадамдарына тоқталды.

Әр партия өздерінің сайлауалды бағдарламаларына қысқаша шолу жасағаннан кейін, саяси партиялар арасында өзара сұрақ-жауап алмасулар болды. Бұл орайда, Мұрат Мұқаев "Adal" партиясының өкілдеріне:

- "Nur Otan" партиясы басынан-ақ халықпен бірге болған, пандемия кезінде де бірге болды. Партияның облыстық штабы 29 мың отбасыға 1.5 млрд тг көлемінде көмек беріп, қолдаулар көрсетті және ол әрекеттер әлі де өзінің жалғасын табуда. Ал, сіздердің партияларыңыз бұл жағдайда халыққа қандай көмек берді?, - деп өзінің өткір сұрағын жолдады.

Ал, Жаңабек Жақсығалиев өз сөзінде алдағы 5 жылда облыста 4 жаңа аурухана салынып, 50 медициналық ғимараттарға жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 30 жаңа жедел жәрдем автокөлігінің болатындығын айтты. Сонымен қатар, білім саласында 11 жаңа мектеп салынып, колледж студенттері үшін жатақханалар салынатындығын және 45 мың тұрғынды қамтитын 80 елді-мекенге интернет желілердің тартылатындығын, бала-бақшалар мен мектептерде бейне-бақылау камераларының орнатылып, мүгедек жандар үшін 150 орындық заманауи оңалту орталықтарының салынатындығын жеткізді.

Қорытынды бөлімде ол:

- Ұрпақ кез-келген қателікті кешіруі мүмкін, бірақ тәуелсіздігімізді жоғалтып алсақ, оны ешқашан кешірмейді. "Nur Otan" партиясы тәуелсіздіктің кепілі болып келді, әрі қарай да бола бермек, - деді.

0
0
149

Осы тақырып бойынша