Қапшағай қалалық филиалында қоғамдық кеңес отырысы өтті.
Бүгін 19 шілде «Nur Otan» партиясы Қапшағай қалалық Сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру бойынша «Отбасы әйелдер және балалардың құқықтарын қорғау, халықтың әлеуметтік-осал топтарын қолдау және жұмыспен қамту» жөніндегі қалалық қоғамдық кеңес отырысы өтті.
Күн тәртібінде 3 сұрақ қаралды:
1. «Nur Otan» париясы Қапшағай қаласы бойынша Партияның Сайлауалды бағдарламасының Тарих пен Мәдениетке бай қала бөлімінде көзделген тармаққа сәйкес «Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында өткізілген шаралар туралы;
2. «Үйде көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға медициналық кеңестері бар медициналық тексерулер туралы»;
3. «Бақытты отбасы» жол картасының индикаторларын орындау туралы.
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша “Бақытты отбасы” партиялық жобасы аясында өткізілген шаралар туралы, акциялар, қайырымды істер марафрнын өткізу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру, “Балаларға арналған қауіпсіз және жайлы инфрақұрылым” атты акциясы аясында люктарды, көше шамдарының жарығына, қозғалыс қауіпсіздігіне тексеріс жұмыстарын жүргізілуін қадағалау қарастырылған.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе «Үйде көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға медициналық кеңестері бар медициналық тексерулер туралы Жанұзақова Назгүл Бейсембайқызы таныстырды. Қапшағай қалалық “Отбасы әйелдер және балалардың құқықтарын қорғау, халықтың әлеуметтік-осал топтарын қолдау және жұмыспен қамту» жөніндегі қалалық қоғамдық кеңесте медицинаның қол жетімділігін, міндетті медициналық сақтандырулар арқылы азаматтардың емдік шараларын ұйымдастыруды толық жүргізілетінін айтып өтті.
Күн тәртібіндегі үшінші мәселе бойынша сөз "Қапшағай қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар мекемесінің" ММ маманы Әмреева Ажаркүль Асқарқызы “Бақытты отбасы” жобасын партиялық жобасын іске асыру мақсатында баяндама оқылып, Қапшағай қаласы бойынша айтарлықтай жұмыстар жүргізілуін айтып өтті. Атап айтқанда, өмірдің қиын жағдайға душар болған азаматтарға атаулы әлеуметтік көмек көрсету, қысқа мерзімді қайта даярлау курстарына жіберу, жаңа бизнес-идеяларын іске асыру мақсатында гранттар бөлу секілді жұмыстар атқарылуда. Әлеуметтік жұмыс орындарына 33 әйел жіберілді, оның ішінде 5 тұрақты жұмысқа орналастырылды. Жастар практикасына 25 әйел, қоғамдық жұмысқа 278 әйел жіберілгенін айтып өтті. “Nut Oran” партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі жол картасының “Өзгеру жолы: барлығына лайықты өмір!” іс шарасы бойынша жас кәсәпкерлерге жаңа бизнес идеяларды жүзеге асыруға жоспарланған 12 грант - 100% толық орындалды.
Күн тәртібіндегі қаралған мәселе бойынша шешім қабылданды.
