Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Анонс! Павлодар облысының кәсіпорын және ұйым басшыларының назарына!

«Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» РМК Павлодар филиалы және «ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің Павлодар облысы бойынша Департаменті» РММ бірлесе «Қазақстан Республикасының 2015 – 2019 жылдары индустриалды-инновациалық даму Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру бойынша іс-шара жоспарын жүзеге асыру үшін,  2020 жылға дейін техникалық реттеу мен метрология жүйесін жақсарту бойынша Кешенді жоспарын орындау мақсатында Павлодар қаласы 2017 жылдың 14 тамызында, Инновациялық Евразиялық университет базасында «Техникалық реттеу, метрология және менеджмент жүйесі облысында қызметкерлердің біліктілігін арттыру мен даярлау» атты 1 күндік аймақтық оқыту семинар өткізетіндігін хабарлайды.

Семинар ұйымдастырушылары: «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті» РММ және «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» РМК

- ISO 31000 «Тәуекелдіқ менеджменті. Принциптер мен басшылық нұсқаулар»;

- ISO/TR 31004:2013 «Менеджмент рисков. Руководство по внедрению ISO 31000»;

- ISO 37001 «Парақорлыққа қарсы күрес менеджмент жүйесі. Талаптар және пайдалану жөніндегі басшылық».

Семинар барысында техникалық реттеу, стандарттау, Қазақстан Республикасының және Еуразиялық Экономикалық одақтың заңнамасы бойынша мәселелер қарастырылады. Дүниежүзілік сауда ұйымының келісімі. Каталогтау жүйесі. Аккредиттеу, сәйкестікті растау бойынша жұмыстарды өткізуде негізгі талаптар. Заңнамалық және қолданбалы метрология негіздері. Қазақстан Республикасында сапа менеджментін енгізу мен әзірлеу. Қазақстан Республикасының және Еуразиялық Экономикалық одақтың техникалық регламенттерінің талаптары.

Семинардың жұмыс уақыты: басталуы сағат 10:00 18:00 дейін  (түскі ас 13:20- 14:20 дейін).

Семинар қатысушыларын тіркеу сағат 9:30 бастап 10:00 дейін.

Анықтама бойынша «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» РМК Павлодар филиалы, Павлодар қ., Қайырбаев көшесі, 34, 219 кеңсе, тел/факс: +7 (7182) 32-79-41, 32-95-35, е-mail: [email protected].

   

«Қазақстан Республикасы инвестициялар және даму Министрлігі

техникалық реттеу және метрология Комитетінің

Павлодар облысы бойынша Департаменті» РММ

 

«Қазақстан стандарттау және сертификаттау

институты» РМК Павлодар филиалы

 
0
0
288

Осы тақырып бойынша

Анонс! Павлодар облысының кәсіпорын және ұйым басшыларының назарына! - Yvision.kz