ru
Default banner
Разное
426 297 жазбалар48 тіркелуші
Всяко-разно
0

Ана мен заман «Аудио өлең»

Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы

Өлеңді оқыған – Айгүл Сағымбайқызы

Әуен авторы – Secret Garden “In our tears”

Бейнематериал авторы – Неизвестный Казахстан «Фотосафари»

Фотоматериал авторы – Түрлі жүйелерден алынған «Белгісіз»

Өңдеген – Бақытжан Бекмұхаммедұлы

   

Ана мен, заман күресті,

Ұрып, жығып, аямай.

Көрді мынау, тәлкегті,

Тұралмады-ау енді, жыламай.

 

Жылайды неге, жер ана?

Барма екен оның, жүрегі?

Болмады-ау, анаға, заман пана,

Табылар қайдан, тірегі?

 

Жегізбей, ішпей, балаға,

Өзінен аяп, үйімен.

Бейнетпен салынған, баспана,

Тартылып жатыр, күйімен.

 

Бұл қалай сонда, болғаны?

Жер жетпей, байтақ далада.

Далаға тастап, ана мен баланы,

Береке барма, басқаны салғанда?

 

Ештеме, ешкімнен, сұрамай,

Мән жайын, өзі шешкенде.

Өсіріп санын, тоқтатпай,

Көбейту керек пе, кедейді?

 

Көмекті сұрап, келгенде,

Кім естиді, шырылдап жатқанын?

Бейнетпен, азапта жүргенде,

Түсінер кім бар, мынау жанын?

 

Болғаны, өзін, қорғайды,

Ашынып, жылап, сұрайды.

Күйдірді-ау ананы, бұл қайғы,

Қайда, кімге, енді барады?

 

Көз жасын, көрген, ананың,

Кешіре ала ма, ұрпағы?

Түбінде, қала ма, сананың?

Бақытсыз болған, бұл шағы.

 

Бұл елі, өгей, болған ба?
Көмекті беріп, басқаға.

Бұл халқы, сонда қалған ба?

Ең төмен, сапасыз, бағада.

 

Ананың, көз жасы, киелі,

Керек жоқ оны, жылатып.

Түсіну, оның ниеті,

Бірлікпен, тіршілікті, жайнатып.