Ана мен бала денсаулығын сақтау
Кентау қалалық емхананың бас дәрігері Жанат Тоғайбекова "Ана мен бала денсаулығын сақтау" тақырыбында қала тұрғындарымен онлайн кездесті. Онда емханада атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырды. Сондай-ақ, ана мен баланың денсаулығын сақтау бойынша кеңестермен бөлісті.
