Ағымдағы жылдың 15 желтоқсан күні фейсбук әлеуметтік желінің парақшасында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына үміткер–Аманжан Жамаловтың қатысуымен «Үміткерге сұрақ» тікелей эфирі оздырылды.
Аталмыш тікелей эфирге 30-ға жуық желі пайдаланушылары қатысты.
Онлайн сұқбат - ашық, әрі еркін форматта жүргізіліп, көрермендерден көптеген сұрақтар келіп түсті. Солардың ішінде, қосымша білім беру ұйымдары мен жастар арасындағы жұмыссыздық мәселері және азаматтық белсенділікті жастар бойына сіңіру жолындағы шаралар жөнінде сұрақтар мен ұсыныстар жеткізілді.
Үміткер тікелей эфир көрермендеріне партияның атқарған және атқарып келе жатқан жұмыстары туралы баяндап, 2021 жылдың 10 қаңтар күні өтетін сайлауға қатысып, партияға дауыс беруге шақырды.