Аманат жауапкершілік жүктейді
Аманат жауапкершілік жүктейді.
Елбасы,партия Төрағасы Н.Назарбаевтың «Қазақстан - 2050» Стратегиясы мен оны кезең-кезеңмен жүзеге асырудың жолын көрсеткен «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында елдің әлеуметтік ахуалын айтарлықтай жақсартудың межелері көрсетілген болатын. Бұл тұрғыда “Nur Otan”партиясы ауданды дамытудың жеті басым бағытын өзінің сайлауалды бағдарламасында айқындады.Оның басты мақсаты-халықтың өмір сүру сапасы мен әл ауқатын ұдайы жақсарту үшін жағдай жасау.Шоқтыбай елді мекені тұрғындарымен кездесуде үміткер ретінде тіркелген С.Байтеноваға ауыл тұрғыны Я.Жоламанов тұрғындар үшін өзекті мәселе деп ауыз су мәселесін алға тартқан болатын.Аталған ұсыныс сайлауалды бағдарламаға енгізілді.Бүгінгі күні Шоқтыбай ауылына су құбырының құрлыс жұмыстары бойынша жобалық сметалық құжаттамалары дайын,сараптама бар.Тендер нәтижесінде “Дәнекер”ЖШС мердігері анықталды.”Қазэкология Жобалау”ЖШС авторлық “Мұзтау”ЖШС техникалық қадағалауларды жүргізетін болады.Қай деңгейде болмасын депутаттан үлкен жауапкершілік талап етіледі. Оған артылатын аманаттың, жүктелетін міндеттің салмағы қашан да ауыр. Әсіресе, халықпен біте қайнасып, күнделікті арасында жүретін аудандық мәслихат депутаттары халық пен билік арасындағы алтын көпір іспеттес екені анық. Өйткені, халықты қолдау, оның мәселесін шешу мәслихат депутаттарының басты міндеті десек, мұны аудандық мәслихат депутаттарымыз жақсы түсінеді. Депутат болу үлкен жауапкершілікті жүктейді. Әрдайым аманатқа адалдық таныту да депутаттардың басты міндеті.#аманатқа#адалдық#NurOtan#депутат
