Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

⚡️«AMANAT» сайлауалды штабының жұмысымен таныстырды

💬«AMANAT» партиясының Республикалық сайлауалды штабына бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері келді.

⏺«AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы Елнұр Бейсенбаев БАҚ өкілдерін кандидаттардың үгіт-насихат және үйлестіру орталықтарының, қоғамдық қабылдау бөлмесінің, медиа-штабтың, коворкинг алаңының, сондай-ақ штабтағы жастар секторының жұмысымен таныстырды.

🗣«AMANAT» партиясының сайлауалды штабы «open space» қағидаты бойынша ұйымдастырылған және аптаның барлық күнінде тәулік бойы жұмыс істейді. Штаб – бұл көпфункциялы сайлау науқанын басқару орталығы. Әр бөлім бірлесіп және жедел түрде белгілі бір шешімдер қабылдайды. Мұнда кандидаттар мен сенімді өкілдердің қатысуымен күнделікті түрлі іс-шаралар, арнайы оқытулар өткізіледі. Дәл осындай фронт-кеңселер барлық аймақта бар», - деп атап өтті Елнұр Бейсенбаев.

⏺Кездесу қорытындысында БАҚ өкілдеріне арнап брифинг өткізілді. Оның барысында «AMANAT» Атқарушы хатшысы Елнұр Бейсенбаев журналистерді қызықтырған барлық сұраққа жауап берді.

🗣«226 өңірлік және аумақтық сайлауалды штаб жұмысына 7,5 мыңға жуық адам жұмылдырылады. Жалпы, сайлау науқаны басталғаннан бері еліміздің барлық өңірінде 300 000 сайлаушыны қамти отырып, 3 мыңнан астам іс-шара өтті. Үгіт-насихат науқанының қорытындысы бойынша 1 миллионнан астам адамның қатысуымен 30 мың іс-шара өтеді деп жоспарланған», - деді ол.

⏺Айта кетейік, штаб құрамына партияның 486 белсенді жақтасы кірді. Сайлаушылармен кездесу кестесі дайындалды. Сондай-ақ, бұл жұмысқа үміткерлердің 27 мыңнан астам сенімді өкілі де қосылды.

#AMANAT2023

#ДауысберAmanat2023

#ГолосуйЗаAmanat2023

0
0
228

Осы тақырып бойынша

⚡️«AMANAT» сайлауалды штабының жұмысымен таныстырды - Yvision.kz