⚡️AMANAT партиясының сайлауалды уәделері Алматыда өткен митингте талқыланды
⏺Қоғамның «AMANAT» партиясына деген қызығушылығы Алматыда ауқымды кездесуге ұласты. «Сары-Арқа» кинотеатрының аумағындағы алаңда саяси реформаларды және «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдағдарламаны қолдау мақсатында партияның қалалық филиалы ұйымдастырған митинг өтті.
Митингке қатысушылар сайлауалды бағдарламаны қолдау үшін транспаранттарпен келді.
💬«AMANAT» – қаламыздағы 100 мыңға жуық белсенді алматылықтарды біріктіретін, басқару тәжірибесі бар бірден-бір партия. Бүгінде сайлау науқаны аясында 1000-ға жуық іс-шара өткіздік. Әр кездесуде алматылықтардың өзекті сұрақтарына жауап береміз, шешімін табуды қажет ететін мәселелерге мән береміз», – деді қалалық штабтың басшысы Станислав Канкуров.
⏺Өз кезегінде, «AMANAT» партиясы Алматы қалалық филиалының төрағасы Мейіржан Отыншиев мегаполистің түйткілді мәселелері мен партияның бастамалары туралы айтып берді .
💬«Біз сапалы инфрақұрылымның пайда болуына атсалысып, алматылықтардың жайлы өмір сүруіне жағдай жасаймыз. Ол үшін жаңа 4 метро стансасын, 300 шақырымнан астам жол саламыз. Сайлауалды бағдарламаға сәйкес, алдағы бес жылда 34 мектеп, 33 балабақша және 16 емхана салынады. Сондай-ақ, 43 мыңнан астам отбасын баспанамен қамтамасыз етеміз», – деді ол.
⏺Белгілі тележурналист, ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттығына кандидат Сергей Пономарев партияның сайлауалды бағдарламасында көрініс тапқан экология мәселесіне тоқталды.
💬«Мегаполисте ауа ластанып кетті. Бұл мәселенің тез арада шешімін табу қажет. Бұдан бәрі зардап шегеді. Қариялар да, жастар да уланады. Партия 2026 жылдың соңына дейін ЖЭО-2-нің газға ауысуын қадағалайды. Ауаны таза ұстауға бағытталған басқа шаралар да бар. Біз заңсыз бөлінген 18 миллион гектар жерді мемлекет меншігіне қайтаруды көздейміз», – деді ол.
💬Сондай-ақ, митингте ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттар Айдос Сарым және Жанарбек Әшімжанов, паралимпиадашы Серік Есматов, көпбалалы ана Диана Ерлан, тележүргізуші Ольга Спирина, бірмандатты округтер бойынша депутаттыққа кандидаттар Зульфия Байсақова және Руслан Нұрлыбаев, «Ассамблея жастары» республикалық қоғамдық бірлестігінің мүшесі Рустам Қайрыев және тағы басқалар сөз сөйледі.
#AMANAT2023
#ДауысберAmanat2023
#ГолосуйЗаAmanat2023
