Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

📷«AMANAT» партиясының депутаттары Екібастұздың тұрғындарымен кездесті

📷«AMANAT» партиясының депутаттары Екібастұздың тұрғындарымен кездесті

Мәжіліс депутаттары, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшелері жағдаймен танысу және халыққа жедел көмек көрсету үшін Екібастұз қаласына келді. Халық қалаулылары үй-үйді аралап, жылытқыштар мен жылы киім-кешек табыстады.

Депутаттар арнайы құрылған жедел штабта төтенше жағдайдың жай-жапсарын талқылады. Оған облыс басшылығының, барлық техникалық қызметтің, энергетикалық кәсіпорындардың және Энергетика министрлігінің өкілдері қатысты.

📷Мәжіліс депутаты Артур Платонов бүгінде гуманитарлық көмекті жеткізу жұмысы белсенді жүріп жатқанын атап өтті.

📷«AMANAT» партиясы тұрғындарға көмек көрсету ісіне белсенді атсалысып жатыр. Мобильді бригадалардың құрамындағы қоғам белсенділері үй-үйді аралап жүр. Жалғыз тұрып жатқан зейнеткерлер, ерекше қажеттілігі бар азаматтар, мұқтаж отбасылар туралы ақпарат жиналуда», – деді ол.

Осы күні депутаттар қала тұрғындары үшін жылыту пункті орналасқан №36 мектепке барды. Қалада дәл осындай 12 пункт ашылды. Сонда-ақ, халық қалаулылары Екібастұздағы қалалық ауруханаға барды. Қазіргі уақытта мұнда 240 емделуші бар.

📷«Терапия және педиатрия бөлімшелерінің жұмысымен таныстым. Аурухана штаттық режимде жұмыс істеп жатыр. Жоспарлы және жедел жеткізілген емделушілерді қабылдайды», – деді Мәжіліс депутаты Айгүл Нұркина.

📷Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров кінәлі адамдарды жауапқа тарту мәселесі туралы ойын білдірді.

📷«Еліміздің энергетикалық активтеріне аудит жүргізу қажет. Осы игіліктерді әділетсіз иеленіп, түскен қаржыны жаңғыртуға емес, өз қалтасына салған азаматтар заң алдында жауапкершілікке тартылуы қажет», – деп атап өтті Е.Саиров.

📷Мәжіліс депутаты Вера Ким Екібастұзда азаматтарға көмек көрсету үшін «AMANAT» партиясының «Жастар Рухы» жастар қанатының волонтерлер штабы жұмыс істеп жатқанын жеткізді.

Екібастұзда апаттық-қалпына келтіру жұмысы жалғасып жатыр.

t.me/AMANATPartiyasy

#AMANAT

1
0
218

Осы тақырып бойынша

📷«AMANAT» партиясының депутаттары Екібастұздың тұрғындарымен кездесті - Yvision.kz