Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

⚡️«AMANAT» партиясы жол сапасына ерекше мән береді

⏺«AMANAT» партиясынан облыстық мәслихат депутаттығына кандидаттар Қостанай облысының Тобыл қаласында ауыр жүк көлік жүргізушілерімен кездесті. Аманаттықтар партияның сайлауалды бағдарламасын түсіндіріп, азаматтардың өтініш-тілегіне құлақ асты. Мұндағы көлік жүргізушілерін ең алдымен ауданаралық автожолдардың жай-күйі мазалап отыр.

🗣«Әр аймақта жолға қатысты мәселе бар. «AMANAT» партиясы алдағы 5 жылда жол құрылысы мен жөндеу жұмысына айрықша мән береді. Мәселен, партия 2 мың шақырымнан астам облыстық және аудандық маңызы бар жолдарды, сондай-ақ елді мекендердің көшелерін жөндеуге атсалысады», – деп атап өтті ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат Альберт Рау.

⏺Бұл шаралар 2027 жылға қарай жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жергілікті маңызы бар жолдардың үлесін 85%-дан 99%-ға дейін жеткізуге мүмкіндік береді.

⏺Сондай-ақ, үміткерлер «Тобыл Арена» спорт кешенінің ұжымымен жүздесті. Кандидаттар партияның сайлауалды бағдарламасындағы басым бағыттарды таныстырды. Өңірде салауатты өмір салтын ұстанып, спортпен шұғылданатын азаматтар саны 41,9%-ды құрайды. Кездесуде сайлаушылар спортқа ерекше қолдау қажет екенін атап өтті.

🗣«AMANAT» партиясының бағдарламасында ауылдық жерлерде 7 дене шынықтыру-сауықтыру кешенін, 13 спорт нысанын салу, 2 спорт нысанын, оның ішінде 1 стадион мен 1 спорт залын қайта жаңғырту және күрделі жөндеуден өткізу жоспары бар. Сондай-ақ, спорт секцияларын, балалар мен жасөспірімдерге, жастарға арналған дене шынықтыру клубтарын ашуға назар аударылады», - деді партияның облыстық сайлауалды штабы төрағасының орынбасары Серік Шыңғысұлы.

⏺Кандидаттар сайлаушылардың ұсыныс-тілегіне мән беріп, алдағы сайлауға белсенді қатысуға шақырды.

#AMANAT2023

#ДауысберAmanat2023

#ГолосуйЗаAmanat2023

0
0
177

Осы тақырып бойынша

⚡️«AMANAT» партиясы жол сапасына ерекше мән береді - Yvision.kz