⚡️«AMANAT» партиясы жаңа жұмыс орындарын құруға атсалысады
⏺Жиынға «AMANAT» партиясының Маңғыстау облыстық филиалының төрағасы Нұрбек Қарасаев, облыстық мәслихат депутаттығына үміткерлер Марат Абзал, Жанболат Тангиев, Владислав Трифонов қатысты.

⏺Олар компания қызметкерлерін партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, сұрақтарына жауап берді. Кездесуде жұмысшылар жалақының аздығын айтып, азық-түлік бағасының шарықтап тұрғанына шағымданды.

🗣«Азық-түлік бағасын төмендету үшін өндірісті көбейтуіміз керек. Әрине ол 1-2 жылда шешімін табатын мәселе емес. Сондықтан сайлауалды бағдарлама 5 жылға құрылған. Бағаның өсу қаупі жоғары әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының құнын тұрақтандыру қорын құру жоспарлануда. Бұл шаралар 2027 жылға қарай ауыл шаруашылығының жалпы өнімін 1,3 есеге арттыруға, негізгі азық-түлік тауарларымен қамтамасыз ету деңгейін 30%-ға дейін көбейтуге мүмкіндік береді», - Н.Қарасаев.

⏺Сонымен қатар «AMANAT» партиясының облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Жанболат Тангиев осы жолғы сайлаудың ерекшелігіне тоқталды.
⏺Кездесу соңында жиынға қатысушылар әлеуметтік сала бойынша сұрақтарын жолдап, өз ұсыныстарын ортаға салды.
#AMANAT2023
#ДауысберAmanat2023
#ГолосуйЗаAmanat2023
