Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«AMANAT» партиясы Түлкібас аудандық қоғамдық штабтың үгіт-насихат кезеңі бірінші

насихаттау бойынша офлайн және онлайн форматтағы іс-шаралар, «Я за справедивый Казахстан», «Я за Токаева» сынды түрлі челлендждер ұйымдастырылып, сайлаушылардың 2100 ден аса азаматы қамтылды. Өткізіліп жатқан кездесулерде тұрғындардың айтылған 20 ұсыныс-пікірлері жинақталып тіркелуде. Азаттық ауылы бойынша жарықтандыру және жолды жөндеу мәселелері, азық-түлік бағасының тұрақтануын қадағалап, біріңғай баға қою, емдеуге жарамды ғимараттарды мобильді емханаларға ауыстыру, аптекалар орталықтандырылған жүйеде жұмыс істеп, тиісті тест, ем домды тегін етіп жасау, шалғай жатқан ауылдық округтерде баланы дүниеге әкелу бойынша арнайы ауруханада бөлме орындардың ашу жайылым жерлерді ауылдық округ әкімі балансына өткізу, көп балалы аналарға әр балаға берілетін жәрдем ақыны көбейту жастарға арналған бағдарламаға өзгерістер енгізу тұрғын үй салу үшін жер алуға құжаттандыруды азайту сынды ұсыныстар түскен. Еріктілер командасы аудандағы рұқсат етілген және келісім алынған үгіт насихат орындарына арнайы ақпараттық насихат парақтарын ілу мен тарқату қызу жүргізілуде. Сонымен бірге, үгіт-насихат кезеңінің бірінші толқыны бейнекамераға түсіріп, әлеуметтік желілерге кеңінен насихаттады.

Қоғамдық штаб мүшелері түрлі стратадағы аудан тұрғындарымен, оның ішінде шаруашылық ұжымдармен, шикізат өндіретін өндіріс орындары, жастармен, қызмет көрсету саласының өкілдерімен, көпбалалы аналар мен ҮЕҰ өкілдерімен кездесіп, кандидаттың алдағы 7 жылға бағытталған «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін» бағдарламасында ұсынылған 3 қағидатын насихаттап, толығымен ақпараттандырып үлгерді.

Кездесу барысында аудан тұрғындары кандидаттың сенімді өкілдеріне сауалдар қойып, 2022 жылдың 20 қарашасы күні өздеріне бекітілген сайлау учаскелеріне келіп, қолдау білдіріп, белсенділік танытатындарын жеткізді. Сонымен бірге бекітілген медиа-жоспарға сәйкес әлеуметтік желілерде сайлауалды үгіт-насихат барысы туралы посттар мен ақпараттар тұрақты жарық көруде.

#TOQAEV2022

0
0
260

Осы тақырып бойынша

«AMANAT» партиясы Түлкібас аудандық қоғамдық штабтың үгіт-насихат кезеңі бірінші - Yvision.kz