Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

"AMANAT" партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының шалғай елді-мекендерге "Мобильді қабылдауы"

Бұлдырты ауылы облыс орталығынан 200 шақырымдай қашықтықта орналасқан, ауылдық округ бойынша 3000-ға жуық тұрғын бар.

Қабылдауға "АMANAT" партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының ұйымдастыру-бақылау бөлімінің меңгерушісі К.Ж.Төремұратов, Батыс Қазақстан облысы құрылыс басқармасының өндірістік-техникалық бөлімнің басшысы Е.Е.Қажиев, Батыс Қазақстан облысы энергетика басқармасының басшысы орынбасарының міндетін атқарушы Қ.С.Сатымов, Сырым ауданы әкімінің орынбасары, аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Е.Ә.Ахметов, Сырым аудандық маслихатының хатшысы Ш.С.Дүйсенғалиева, "AMANAT" партиясы Сырым аудандық филиалының атқарушы хатшысы Т.М.Даргужиев қатысты.

Қабылдауға келген ауыл тұрғындары:

- жекеменшіктегі малдардың жайылымы;

-электр жүйесінің тозығы;

- Бұлдыртыға кіретін 12 шақырымдық жолдың жай-күйі;

- ұялы байланыс жүйесінің нашарлығы;

- Бұлдырты ауылының ішкі жолдарының жәйі;

- ауданның Жол картасының жоспарында тұрған Бұлдырты ауылынан салынатын денешынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы;

- Көгеріс ауылының таза ауыз суы;

- балабақша ғимаратыныың шатырын жөндеу - сияқты ауыл халқын толғандырып жүрген мәселелер бойынша жолықты.

Қабылдаушылар:

- жекеменшіктегі малдың жайылымы бойынша аудандық жер қатынастары бөлімімен бірлескен арнайы комиссиямен келіп, бөлінген жер телімдерін анықталатынын айтты;

- ауыл ішіндегі көшелердің жолын жөндеуге қатысты ЖСҚ жасақталғанын, егер де қаржы бөлінген жағдайда жөндеу жұмыстары жүргізілетіндігін жеткізді;

- балабақша ғимаратының шатырын жөндеу бойынша ауданға қарасты құзырлы мекемеге айтылатындығын;

- тозығы жеткен электр желілері бойынша, аталған сұрақ облыс көлемінде өзекті екендігін айтып, кезең-кезеңмен жаңартылатынын айтты;

- ұялы байланыс жүйесінің сапасының нашарлығы жөнінде облыстағы "Билайн" орталығына ескертілетінін айтты;

- жаңадан салынатын денешынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы жөнінде жуық арада өтетін облыстық маслихат сессиясының бюджетті нақтылау барысында қаражаттың анықталатынын айтты;

- Көгеріс ауылына таза ауыз су тарту мәселесі де алдағы уақытта қаражаттың шешілуіне байланысты болатындығын жеткізді.

Қабылдауға келген 6 ауыл тұрғындарының барлық сұрақтары бақылауда болады.

"Мобильді қабылдаулар" жоспарға сәйкес ай сайын барлық ауылдық округтерде өткізіледі.

#AMANAT #қоғамдыққабылдаубқо

0
0
214

Осы тақырып бойынша

"AMANAT" партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының шалғай елді-мекендерге "Мобильді қабылдауы" - Yvision.kz