Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

⚡️AMANAT партиясы ауыл тұрғындарының жағдайын жақсартуды көздейді

⏺Жиында жергілікті азаматтар жайылым мен білікті дәрігерлердің тапшылығына шағымданды.

⏺Аудан орталығынан 47 шақырым қашықтықта орналасқан елді мекенде 2 мыңнан астам адам тұрады. Мұнда халықтың көпшілігі мал шаруашылығымен айналысады. Өңірде жүзеге асқан «Жамбыл облысы халқының табысын арттыру» жөніндегі пилоттық жобаның екінші кезеңіне тәттіліктер де қатыспақ ойда. Бұдан бөлек, биыл мұнда орман шаруашылығы саласында 12, өрт сөндіру қызметінде 10 тұрақты жұмыс орны ашылады деп күтілуде.

⏺«Ауыл аманаты» жобасы аясында ауыл халқының табысын арттыру жөнінде жүйелі жұмыс жүргізіледі. Биылдан бастап бұл жобаға 22 ауылдық округ енгізіліп, нәтижесінде 2,5%-бен 11,5 млрд теңге көлемінде 3 мыңнан астам жобаны қаржыландыру жоспарлануда.

⏺«AMANAT» партиясы ауыл тұрғындарына пилоттық жоба шеңберінде шағын несие алуға көмектесумен қатар, шаруаларды кооперативтік кәсіпкерлікке де тартады. Ал оның игілігін ең бірінші кезекте ауыл тұрғындары көреді», - деді Дауыл Бейсенқұлов.

⏺Жиын барысында Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидат Әбутәліп Мүтәлі кіндік қаны тамған Тәтті ауылының тірлігін тіктеу мақсатында тынбай еңбек ететінін айтты. Үміткер жерлестерін дұрыс таңдау жасауға шақырды.

#AMANAT2023

#ДауысберAmanat2023

#ГолосуйЗаAmanat2023

0
0
213

Осы тақырып бойынша

⚡️AMANAT партиясы ауыл тұрғындарының жағдайын жақсартуды көздейді - Yvision.kz