Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Аманат ауылына ұялы байланыс желісі орнатылып,клуб салынады.

Аманат ауылына ұялы байланыс желісі орнатылып,клуб салынады.Кездесуде ауыл тұрғындары ауылдарына ұялы байланыс желісі мен интернет желісін тартуды қолға алуды ұсынды. «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, үгіт насихат жүргізуге келген аудандық мәслихат депутаттығына үміткер А.Абилмажинов пен сенімді өкіл Е.Ақтекенов Аманат ауылында ауыл тұрғындарымен кездесу өткізді. Кездесуде тұрғындардан түскен барлық сұрақтарға жауап беріліп, «Nur Otan» партиясының Күршім ауданы бойынша сайлауалды бағдарламамен таныстырды. Алдымыздағы жылы Аманат ауылына ұялы байланыс желісі орнатылып, жаңа клуб ғимаратын салу үшін жобалау сметалық құжаттама жасалынатыны айтылды.Бұқтырма су қоймасы арқылы көпір құрылысы сайлауалды бағдарламаға енгізілгені, оны жүзеге асырғаннан кейін аудан дамуына, кәсіпкерлік, туризм, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы салаларының дамуына ерекше әсер ететіні айтылды.Қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз!«Nur Otan»-ға дауыс беріңіздер.

0
0
137

Осы тақырып бойынша

Аманат ауылына ұялы байланыс желісі орнатылып,клуб салынады. - Yvision.kz