Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

⚡️«АМАNАТ»: Ақтөбе облысында 105 мың жұмыс орны ашылады

💬«АМАNАТ» партиясының партиялық тізімі бойынша Ақтөбе облыстық мәслихатының депутаттығына үміткерлер Сергей Вишняк, Күлпаршын Айдарханова, қалалық мәслихат депутаттығына үміткер Әсел Сарманова және ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына үміткер Ғалымжан Елеуов «Глобал» ЖШС ұжымымен кездесті.

⏺Кәсіпорын жұмысшылары алдында «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасы туралы әңгімелеген Сергей Вишняк жаңа жұмыс орындарын ашу үшін партия қандай шараларды қолға алатынына тоқталды.

🗣«Сапалы жұмыс орындарын құру – партияның басым бағыты, әр адам өз отбасын асырау үшін лайықты табыс табуы керек. Осы мақсатта партия жұмысшылардың еңбек жағдайын жақсарту және жұмыс орындарын құру үшін жыл сайын кемінде 300 кәсіпкерлік субъектісіне қаржылай қолдау көрсетеді. Жыл сайын кемінде 22 мың адамды бос жұмысқа орналастыруға жәрдемдесеміз. Сонымен қатар 3,5 мың жұмыссыз адамды кәсіптік оқытудан өткіземіз», – деді кандидат.

⏺Қабылданған шаралар орташа жалақыны 264,2 мың теңгеден 320 мың теңгеге дейін арттыруға мүмкіндік береді. Жұмыспен қамту мүмкіндіктерін арттыру арқылы 105 000 жаңа жұмыс орны құрылады. Шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 100 мыңға, ал онда жұмыспен қамтылғандар саны 192 мың адамға дейін артады.

⏺Күлпаршын Айдарханова сайлауалды бағдарламада жастардың мүмкіндігін кеңейтуге көмектесетін шаралар бар екенін айтты.

🗣«АМАNАТ» партиясы жастарды жұмыспен қамту және оларды баспанамен қамту мәселесін көтереді. Жыл сайын кемінде 8 мың жасты жұмысқа орналастыруға көмектесеміз. «Жасыл ел» жобасы аясында жастарды уақытша жұмыспен қамту шаралары қолға алынады. Жыл сайын 1500-ге жуық жас азамат жобаға қатыса алады», – деді ол.

⏺Кездесу барысында сайлаушылар үміткерлерге өз сауалдарын жолдап, партияның сайлауалды бағдарламасын толық қолдайтындарын жеткізді.

0
0
158

Осы тақырып бойынша

⚡️«АМАNАТ»: Ақтөбе облысында 105 мың жұмыс орны ашылады - Yvision.kz