Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қамқоршылық кеңестері мәселелері жөнінде кездесу ұйымдастырылды

2017 жылдың 13 қараша күні Орал қалалық ЖОББ №47 мектепте қамқоршылық кеңестері мәселелері жөнінде кездесу ұйымдастырылды.

Шараға ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің БҚО бойынша департаментінің сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы Б.М.Хайруллин, қамқоршылар кеңестері және ата-аналар комитеттерінің мүшелері, мектеп басшылығы қатысты.

Шара барысында қатысушыларға қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастырудың және оны көтерудің маңыздылығы жөнінде және қамқоршылық кеңестер жұмысының негізгі бағыттары түсіндірілді.

Кездесуде кезінде бейнероликтер көрсетіліп, қатысушылардың тақырып бойынша сұрақтарына нақты жауаптар берілді.

 
0
0
361

Осы тақырып бойынша