Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қамқоршылық кеңестері мәселелері жөнінде кездесу ұйымдастырылды

2017 жылдың 08 қараша күні Зеленов ауданы, Переметное ауылында мектептердегі қамқоршылық кеңестері мәселелері жөнінде кездесу ұйымдастырылды.

Шараға ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің БҚО бойынша департаментінің сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы Б.М.Хайруллин, қамқоршылар кеңестері және ата-аналар комитеттерінің мүшелері, мектеп басшылықтары қатысты.

Шара барысында қатысушыларға қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастырудың және оны көтерудің маңыздылығы жөнінде және қамқоршылық кеңестер жұмысының негізгі бағыттары түсіндірілді.

Кездесуде қатысушылардың тақырып бойынша сұрақтарына нақты жауаптар берілді.

 
0
0
358

Осы тақырып бойынша

Қамқоршылық кеңестері мәселелері жөнінде кездесу ұйымдастырылды - Yvision.kz