«Қамқор» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ
«Қамқор» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ қызмет алушылармен сенсорлық бөлмеде психолог Байдаленова Б.Т. сабақтар өткізеді. Адамды босаңсыту үшін қараңғы сенсорлық бөлмелер қолданылады. Олар психологиялық жағдайды қалпына келтіруге бағытталған. Арнайы аймаққа арналған сабақтар жүйке шиеленісін жеңілдетуге көмектеседі. Қызмет алушыларда ұсақ моторика, сезімталдық тез дамиды, қоршаған әлемді тануға қызығушылық пайда болады. Босаңсыту сеанстары ұйқы проблемаларын шешуге, оны жақсартуға көмектеседі. Барлық сабақтар мен ем-шараларды қауіпсіз ету үшін жұмсақ қаңқасыз жиһаз бөлшектері қолданылады. Диван пуфик, қапшық-креслолар балаларға ыңғайлы. Оларға жатуға, секіруге болады. Жиһаздың әр бөлігі экологиялық таза, қауіпсіз материалдардан жасалған және адам пішініне келеді. Оларды пайдалану бөлмені жылулықпен, жанға жақындықпен толтыра отырып, оқу бөлмесіне ыңғайлық, жайлылық әкелуге мүмкіндік береді.


