Алыстағы Алмазда кездесу өтті
Алыстағы Алмазда кездесу өтті.
30.12.2020ж. Шыңғырлау ауданының шекарасы іспеттес жерден қоныс тепкен алыстағы Алмазда бүгін аудандық мәслихатқа кандидаттар Светлана Байтенова, Нұрым Успанов, Нұрхан Ямашев, Мадияр Байжановтың сенімді өкілі Мұрат Бекжанов ауыл жұртшылығымен кездесті. Еліміздегі халықтың үлкен сеніміне ие болып келе жатқан «Nur Otan» партиясы алдағы жылы өткелі тұрған сайлауда өзінің нақты қадамдарға негізделген бағдарламасын халық талқысына ұсынып отыр. Партияның сенетіні-халық, сондықтан да елдің ынтымағы мен берекесін ойлайтын, осы жолда жұмыс жүргізетін әрбір партия бұқараның болашағы үшін батыл бастамаларды өмірген дендеп ендіреді. Ал, партияның қамқорлығы мен қолдауын көрсетіп отырған«Ардагерлерді ардақтайық», «Кедергісіз келешек», «Бақытты отбасы» жобалары ауыл-ауылдарда да қанат жайып, шапағатын көріп отырған ел бұл жобалар өміршеңдігін жоғалтпаса екен деседі.
Алдағы жылы да партия өзінің іс-жоспары шеңберінде елімізді дамытуға негізделген 7 бағыты аясында нақты істерді жалғастырмақ. Осындай ойларды Алмаз халқына жеткізіп, ашық әңгіме құруға шақырған үміткерлер ертеңгі болашаққа сенім беретін партияға дауыс беруге жұртшылықты шақырды.
Ауыл тұрғындары Ғаббас Қайырғалиев, Болат Құрмановта үміткерлердің пікіріне қосылатынын тілге тиек етіп, Қазақстан халқының қауіпсіздігі мен бейбіт өмірін қамтамасыз ететін жетекші партияға ауыл халқы жүрегімен таңдау жасап, дауыс береді деп сенетінін айтты.
#NurOtan #Bizbirgemiz #JenimpazBol #tanday2021
