«Алтын көпір» жаңа қазақ әліпби жобасы
«АЛТЫН КӨПІР» жаңа қазақ әліпбиі (жеңіл жазу)
Жаңа әліпбиді «Алтын көпір» деп атаудың терең символикалық мағынасы бар. Ол Ұлы Дала елі, қасиетті Қазақстан мен дүниежүзілік өркениет арасында алтын көпір болса деген үміт еді.
Негізгі қағидалар:
1) Әрбір дыбысқа жеке символ;
2) Кирилицадағы ъ (твердый знак) «и» әрпі арқылы, ь (мягкий знак) апостроф арқылы, щ әрпі (ашшы, тұшшы) деп жазылмақ;
3) Қосарланған дыбыстардан тұратын Ё (ио), Ю (иу), Я (иа) әріптерінің қажеті жоқ;
4) Ал кірме дыбыстар Ф, Ц, Ч, әріптерін мынау технократиялық заманда алып тастауға болмайды. Фото, фантастика, фирма, цех, цикл, цитрамон, чат, чартер, чемпион т.б. сөздерді жазу қиынға соғады;
5) Ұлттың, мемлекеттің атауы Қ әрпінен басталатындықтан Q әрпі алынды.
Қазақ тілінің фонетикасындағы төл дыбыстарымызды оқшаулай бермей (бұл егіз дыбыстар) бір символмен ғана белгілеу керек (аә, гғ, иі, нң, оө, ұү, хһ). Тек біздің төл дыбыстарымызға ағылшын, француз әліпбиіндегі жұмсақтық белгісі апостроф қойса болды.
Мысалы: А – Ә (А’), Г – Ғ (G’), И – І (І’), н – ң (n’), О – Ө (О’), Ұ, Ү – (U’), һ (қаһар) – (һ’).
Бұл әліпбидің нұсқасында латынның 24 символы алынған, себебі екі симолдың Х пен W (дубль вэ) әріптерінің қажеті жоқ, неге десеңіз K, S әріптері жоғарыда бар (EXPO - ЭКСПО), W (дубль вэ) дегеніңіз запастағы В әрпі деген сөз, ондай әріп В – V тағы бар, сөйтіп 24 әріппен шектелдім.
|
№п/п |
Кириллицадағы қазақ әліпбиі |
Жаңа латын әліпбиі |
№п/п |
Кириллицадағы қазақ әліпбиі |
Жаңа латын әліпбиі |
|
1 |
Аа (Әә) |
Аа (A’) |
14 |
Нн (ң) |
Nn ( n’) |
|
2 |
Бб |
Bв |
15 |
Оо (Өө) |
Oo (O’) |
|
3 |
Вв |
Vv |
16 |
Пп |
Pp |
|
4 |
Гг (Ғғ) |
Gg (G’) |
17 |
Рр |
Rr |
|
5 |
Дд |
Dd |
18 |
Сс (ш) |
Ss (S’) |
|
6 |
Ее |
Ee |
19 |
Тт |
Tt |
|
7 |
Жж |
Jj |
20 |
Уу (Ұ,Ү) |
Uu (U’) |
|
8 |
Зз |
Zz |
21 |
Фф |
Ff |
|
9 |
Ии(Іi) |
Іі(І’i’) |
22 |
Хх (һ) |
Hh (h’) |
|
10 |
Кк |
Kk |
23 |
Цц (Ч) |
Cc (С’) |
|
11 |
Ққ |
Ǫǫ |
24 |
Ыы |
Y |
|
12 |
Лл |
Ll | |||
|
13 |
Мм |
Mm |
Ұсынылып отырған әліппенің нұсқасы дүниежүзі пайдаланып отырған «Qwertу» пернетақтасына негізделіп жасалған. Сондықтан әлемнің қай түкпірінде жүрсек те, қазіргі заманғы планшет, смартфон, гаджеттерді қолдану арқылы жазуға мүмкіндік мол. Елбасы айтқандай, жаңа әліпбиді жасауда әртүрлі диакритикалық белгілер мен диграфтардың қиындық тудыратынын айтып, барынша стандарттық пернетақтаның символдарын пайдалануды тапсырған еді.
«Qwertу» пернетақтасында кириллицадағы жіңішкелік белгісі Ь жоқ. Бірақ вальс, альянс, автомобиль, коньюнктура т.б. сөздерді жазу жіңішкелік белгісінсіз көзге оғаштау. Сондықтан бұл жерде де апостроф пайдалануға болады (Мысалы: val’s, al’ians, avtomobil’, kon’iunktura т.б).
Осы «Алтын көпір» әліппе нұсқасын пайдалана отырып, тіпті ертеңнен бастап қазақша мәтіндерді тере беруге болады. Пернетақтаға ешқандай өзгеріс жасау қажет емес. Бұл нұсқаның «жеңіл жазу» деп аталатын себебі, мәтіндерді кириллицадағы 42 әріппен термей, латынның 24 әрпімен апостроф арқылы теру болмақ. Сөйтіп, қазақ тілінде жазуды тез үйренуге, тілді жылдам меңгеруге жағдай жасалмақ.
Бейбіт Әмірбек, кезінде Қарағанды қалалық тіл басқармасында бас маман, облыстық ақпарат басқармасында жұмыс істеген. Кёльн қаласындағы «Карл Дуйсберг Геззельшафт» қоғамының халықаралық сертификатының иегері.
1990 ж. Қазақстан Республикасының Білім Министрлігі тарапынан кәсіптік – техникалық білім беру саласындағы дуалдық жүйемен танысу үшін Батыс Германияда 2 ай стажировкада болған.
Қазақ графикасын латын әліпбиіне көшіру мәселесімен көп жылдан бері айналысып келеді.
8-747-230-61-99 22.09.2017 ж. Астана қаласы.
Facebook.com/beibamirbek
P.S. Бұл әліппенің нұсқасын Ш.Шаяхметов атындағы Тілдерді дамыту орталығы 25 қыркүйек 2017 ж. қабылдап алып бұрыштама мөр қойған.
