Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Алтай ауданындағы Чапаев ауылынның жолы жөнделді

Наурыз айында Алтай аудандық партия филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесіне Чапаево ауылының тұрғыны, Натарова Зинаида Аднановна партияның аудандық филиалының төрағасы Қ.Б. Байгонусовтың қоғамдыққабылдауына жүгініп, ол Чапаево ауылының тұрғындарының ауылдың орталық көшесінің жолын жөтдеуге көмек көрсету бойынша өтінішішін жетікізген болатын.

Чапаево ауылында әртүрлі санаттағы 565 тұрғын тұрады.. Көптеген жылдар бойы ауылдың орталық көшесі болып саналатын бұл көшенің жолы мүлде жөндеу көрмеген. Биыл "Ауыл - Ел бесігі" мемлекеттік бағдарламасы аясында Чапаевская көшесінің осы жол учаскесіне жөндеу жұмыстарын жүргізуге ақшалай қаражат бөлініп қазіргі таңда жөндеу жұмыстары толықтай аяқталды. Жалпы ұзындығы 2,6 км жол учаскесінде жөндеу жұмыстары жүргізілді.

- Бұл шын мәнінде біздің ауыл тұрғындары үшін өте маңызды мәселе. "Nur Otan" партиясының Алтай аудандық филиалының төрағасы Қалихан Байғонысовқа ауыл тұрғындарының атынан алғысымды білдіремін, - деп атап өтті жергілікті қоғамдастық мүшесі Зинаида Натарова.

0
0
246

Осы тақырып бойынша

Алтай ауданындағы Чапаев ауылынның жолы жөнделді - Yvision.kz