Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Алматыда қоғамдық қолдауы жоғары көшбасшылары

 Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ректоры Такир Балықбаев @btakir білім мен ғылымды дамыту жөніндегі өңірлік кеңесті басқарды. Кеңес құрамында бес нұротандық аталған саланың мамандары, үш адам – Алматының үкіметтік емес ұйымдарының танымал өкілдері.

 Қазақстанның педагогика ғылымдары академиясының академигі, Алматы қаласының Құрметті азаматы Аягүл Миразова партияның Алматы қалалық филиалы жанындағы Отбасы, әйелдер және балалардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі кеңеске жетекшілік етеді.

 Жұмыспен қамтуды және халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау жөніндегі кеңесті басқару көрсетілген бағыт бойынша жағдаймен жақсы таныс Ләззат Қалтаеваға @lyazzat.kaltayeva сеніп тапсырылды. Бұдан бөлек, кеңес төрайымы - ерекше қажеттіліктері бар адамдардың құқықтары үшін Азия-Тынық мұхиты сыйлығының жеңімпазы.

 Мәслихат депутаттары Алтынай Көбеева @kobeevaaltynai экологиялық кеңесті, белгілі меценат Қайрат Құдайберген - @kudaibergen_kairat_official экономиканы дамыту және кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі кеңесті, медицина ғылымдарының докторы, хирург дәрігер Болат Садықов @doctor_bolat_almaty - Ұлт денсаулығы мәселелері жөніндегі кеңесті, ал «АЗМК» директоры Шухрад Шардинов @shardinov_azmk - Өңірлік даму жөніндегі кеңесті және «Дарын» мемлекеттік сыйлығының лауреаты Арман Жүдебаев @arman_zhudebayev - жастарды қолдау жөніндегі кеңесті басқарды.

 Сонымен қатар, Саяси кеңес Бюросының отырысында қазақстандық кино және театр актрисасы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Қарагөз Сүлейменова @karagozsuleimenova басқаратын «Miras» қоғамдық кеңесінің жаңа құрамы бекітілді. Кеңес құрамында мегаполистің шығармашылық тұлғалары бар.

0
0
241

Осы тақырып бойынша

Алматыда қоғамдық қолдауы жоғары көшбасшылары - Yvision.kz