Алматыда «Nur Otan» партиясының алаңында мәдениет пен өнер саласындағы жастарды қолдау талқыланды

Отырысты «Алматы ақшамы» газетінің бас редакторы, Алматы қалалық мәслихатының депутаты, «Мирас» қалалық кеңесінің төрағасы Қали Сәрсенбай жүргізді. Өз сөзінде Алматының жастарға арналған үлкен рухани орталық екенін атап өтті. Бұған еліміздің жүздеген университеттерінің шоғырланғандығы және жастардың біздің сүйікті қаламыздың бүкіл өміріне белсенді қатысуы дәлел.
Алматы қаласы Мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Д. Алиев атап өткендей, «жастардың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету мақсатында Алматы қаласының Мәдениет басқармасы үнемі жастарды мәдени мекемелерге тартып отырады, біздің мекемелердегі қызметкерлердің 50%-тен астамын жастар құрайды.

Қаладағы мәдениет пен өнер саласындағы жас мамандар мен талантты жастарға, кітапханашылар мен музей қызметкерлеріне жан-жақты қолдау көрсетіледі».

Бұл бағытта Алматыда бірқатар нақты жұмыстар жүргізілуде. Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры А. Жүдебаевтың айтуынша, консерватория әлемнің көптеген елдерінің музыкалық университеттерімен ынтымақтастықта. Соңғы жылдары олар Польшаның Вроцлав қаласындағы К.Липинский атындағы музыка академиясымен және Краковтағы музыка академиясымен, Испаниядағы Виго консерваториясымен серіктестік байланыс орнатқан. Консерватория студенттерге, магистранттарға және докторанттарға шетелде білімі мен тәжірибесін жетілдіруге мүмкіндік береді.

Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректоры Ш.Ергөбек жастардың әлеуметтік жағдайын жақсарту бойынша қабылдаған шаралары туралы баяндады.
Жеңілдікті алуға үміткер студенттерді таңдау критерийлеріне сәйкес жыл басынан бері жеңілдіктер алуға (оқушының үлгерімі және әлеуметтік жағдайы, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған) 142 үміткерден өтініш берілді, оның ішінде 96студент жеңілдік алды. Қолдау үшін бөлінген қаржы 18 млн. теңгені құрайды.

Аталған тақырыпты К.Байсейітова атындағы Республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған музыкалық мектебінің директоры Бахтияр Әбдірашев жалғастырды. Музыкалық мектеп Қазақстанның барлық облыстары мен аймақтарынан келген талантты балаларға көңіл бөлуге тырысады, әрі қарайғы кәсіби даярлығын жалғастыра алатын музыкалық дарынды балаларды жан-жақты оқыту мен тәрбиелеуде, әлемдегі ең жақсы жоғары оқу орындарында білім алуға мүмкіндік береді. Осыған орай, мектепте басқа қалалардан 110 балаға арналған интернат бар.
Интернат бөлмелері ең заманауи талаптарға және санитарлық стандарттарға сәйкес жоғары эстетикалық деңгейде жасалған. Арнайы және жалпы білім беру пәндері бойынша өздігінен оқуға жағдай жасалған. Оқушыларға жақсы тамақтану, демалу, медициналық көмек көрсету үшін барлық қажетті жабдықтар бар.
Сондай-ақ, «Jas Otan» жастар қанаты Алматы қалалық филиалының төрағасы М.Ахметов жастарды қолдау туралы баяндама жасады.

М.Ахметов өз сөзінде қатысушылардың назарын жас кітапханашылардың, музей қызметкерлерінің, зерттеушілердің, мәдениет және өнер саласындағы дарынды жастардың өзекті әлеуметтік мәселелеріне аударды.
- Бүгінгі таңда аталған санаттағылардың басты проблемасы - баспана кезегіне тұру болып табылады. Егер бір бағдарламада жалақы жетіспейтін болса, екіншісінде біліктілік немесе тәжірибе жетіспейді, ал үшіншісінде олар мәдениет қызметкерлері санатына жатпайтындығында болады.
- Жас ақын, жазушыларды ұйыстыру мақсатында «Одақ», «Қоғамдық ұйым» құру немесе Қазақстан Республикасы Жазушылар Одағы жанынан жастар бөлімін ашуды қарастыру;
- Жас ақынның кітабын баспагермен келісе отырып, тегін шығару мүмкіндігін қарастыру;
- Жас мамандар арасында жыл сайын дәстүрлі «Жылдың жас маманы» байқауын ұйымдастыру;
- Жас мамандардың жалақысын көтеру.
Отырыстың қорытындысында қатысушылар аталған бағыттар бойынша бірқатар ұсыныстар жасады.

Жалпы, іс-шара аясында мегаполис жастарының әлеуметтік жағдайын жақсарту бойынша қорытынды жасалды.
