Мазмұнға өту
Обложка сообщества Әртүрлi

Алматыда Microsoft корпорациясы өткізген ең ірі студенттік жарыс — Imagine Cup 2013-тің финалы өтті

Microsoft корпорациясының қолдауымен 2003 жылдан бері өткізіліп келе жатқан, студенттер арасындағы ең ірі технологиялық жарыстарының бірі, Imagine Cup атты конкурстың Алматы қаласындағы кезекті финалы өтті. Ал Қазақстан командалары бұл конкурста 2009-жылдан бері қатысып келе жатыр.

Әлемдік деңгейде өзін көрсету мүмкіндігіне ие болу үшін, бұл жарысқа Қазақ-Британдық Техникалық университетінің, Халықаралық Ақпараттық Технологиялар университінің және Халықаралық Бизнес университетінің атынан 9 команда конкурсқа қатысты.

Оларды атап өтетін болсақ: Merado, RedHawks, UniSoft, Estimatix, NLax, NaVi, Samrat, MedsHelper және Frienbioz.

Ал командалардың басты мақсаты - өздерінің білімін қолдану арқылы, Ақпараттық Технологияларды қолданып әлемдегі мәселелерді қалай шешуге болатынын көрсету.

Студент жобалары, адам денсаулығы (ГМО-ны анықтау), балалар аутизмі және көлік апаттары мәселесін шешуге бағытталды. Сондай-ақ кітап оқу процесін өзгертумен және ойындар арқылы білім алумен айналысты.

 

Команда жобалары 3 түрлі бөлімде сынға түсті:

1) World Citizenship (Әлеуметтік жобалар)

2) Innovations (Инновация)

3) Games (Ойындар)

 

"Ойындар" бөлімінің жеңімпазы "SmartRun" ойынын жасаған UniSoft командасы атанды. "Инновация" бөлімінде Windows Phone 8 платформасына арналған "TwinBooks" атты бағдарламаны ұсынған RedHawks командасы жеңіске ие болды. "Әлеуметтік жобалар" бөліміне келетін болсақ, бұл бөлімнің бас жүлдесі Merado командасына берілді. Merado командасының "Edible" атты бағдарламасы азық-түлік өнімдерінің сапасын басқарып отыруға өз көмегін тигізе алады. Яғни бұл бағдарламаның көмегімен, қолданушы өнімде ГМО бар немесе жоқтығын анықтай алады.

 

UniSoft командасының өз жобасын көрсетуде:

 

RedHawks командасы:

 

Merado командасы

 

Басқа команда жобаларын көру үшін төмендегі сілтемелер арқылы өтсеңіз болады:

•       Estimatix: http://youtu.be/3JPF0LVDi0Q

•       NLax: http://youtu.be/HEnXqrpH64M

•       NaVi: http://youtu.be/WTmVI2lL9Fc

•       Samrat: http://youtu.be/JvA9H-MHlCA

•       MedsHelper: http://youtu.be/GoAmJUx4QZE

•       Frienbioz: http://youtu.be/AdamzZ5wato

 

Жеңімпаздарды марапаттау

 

Конкурстың нәтижесі бойынша, Санкт-Петербург қаласында, шілде айында өтетін әлемдік финалда Қазақстанды Merado командасы ұсынатын болды. Бұл жылы Санкт-Петербург қаласында өтетін әлемдік финалда, 340 мың АҚШ доллары болатын басты жүлдеге 109 мемлекеттен 100-ден астам команда күресетін болады. Сонымен қоса, Microsoft корпорациясы үздік командаларға, ортақ сомасы 3 млн. доллар болатын гранттар ұсынатын болады.

(с) Alisher Toiguliyev

4
3
642

Осы тақырып бойынша